2022 жылғы 20 шілдеде Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Абай ауданының ауылдық окргутер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» шешім қабылданды.
Абай ауданының ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрайымы Н.В.Сергеева баяндама жасады.
Ол 2022 жылғы 20 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған 9 кандидаттың 7-ін тіркегенін хабарлады. Абай аудандық сайлау комиссиясы 2 кандидатқа тіркеу үшін құжаттардың ұсынылмауына байланысты тіркеуден бас тартты.Тіркелген кандидаттар қатарында 5 (60%) ер адам және 2 (40 %) әйел адам.
Мамандықтар бойынша: 0– экономист, 5 - заңгер. 2-басқалары.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 0 коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 1 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 4 мемлекеттік қызметші, 0 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 0 жұмыс істемейтін 2 - басқалары.
20 шілде сағат 18.00-ден бастап Абай ауданының ауылдық округ әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 30 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес.
Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.