2022 жылғы 16 шілдеде аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда "Абай ауданының кенттері, ауылдық округтері әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы"шешім қабылданды.
Абай ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды ұсыну қорытындылары туралы Абай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Н.В.Сергеева баяндама жасады.
Ол 2022 жылғы 02 шілде мен 15 шілде аралығында әкімдікке 9 кандидат ұсынылғанын хабарлады. Оның ішінде саяси партиялардан - 4, өзін - өзі ұсыну тәртібімен-5. Ұсынылған кандидаттардың ішінде 6 ер адам және 3 әйел адам бар.
Үміткерлердің орташа жасы 45 жасты құрайды. Ең жас үміткер 38 жаста, үміткерлер арасында ең үлкен жас-59 жаста.
Мамандықтар бойынша: 1 – экономист, 5 – заңгер, 0 – оқытушы, 3-басқа.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 0 коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 3 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 5 мемлекеттік қызметші, 0 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 0 жұмыс істемейтін 1 - басқалары.
Қазіргі уақытта әкімдікке кандидаттарды тіркеу процесі жүріп жатыр, ол ағымдағы жылғы 21 шілдеге дейін жалғасады, өйткені сайлау туралы заңнамаға сәйкес сайлау комиссиялары мемлекеттік органдармен бірлесіп кандидаттар ұсынған құжаттардың дұрыстығын тексеру бойынша жұмысты жалғастыруда.