2022 жылғы 14 шілдеде Абай аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес Қазақстан Халық Партиясынан әкімдікке үміткердің құжаттары ұсынылды:
Мичурин ауылдық округі - 1 үміткер.
Абай аудандық сайлау комиссиясы кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықтайды.
2022 жылғы 31 шілдеге тағайындалған Абай ауданының ауылдық округ әкімдерін сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 2 шілде мен 15 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.