Абай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 10 сәуірдегі сайлау қорытындылары туралы хабарламасы

ХАБАРЛАМА

         2022 жылғы 10 сәуірде үш сайлау округі бойынша Абай ауданының қала, ауылдық округтер әкімдерін сайлауы өтті.

         Абай аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес, Абай ауданының қала, ауылдық округтері әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын белгіледі:

Абай сайлау округі

Абай қаласы әкімін сайлау бойынша

         Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 19289 азамат енгізілді, оның 11628-ы дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 81, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 97.

          Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

         Әбжатов А.А – 892; Ахметов М.Ә – 8955; Қосаева Г.Д – 1123;  Нурмуханов А.М– 480.

         Абай қаласының әкімі болып Ахметов Медеу Әрінұлы сайланды, 1964 жылы туған, «Абай қаласы әкімінің аппараты» ММ-сі әкім, Абай қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

        

Есенгелді сайлау округі

Есенгелді ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

          Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 582 азамат енгізілді, олардың 450-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 1, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 4.

           Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

           Григорьян А.Л – 280; Ерболат М – 161; Таласов А.Ш – 4.

           Есенгелді ауылдық округінің әкімі болып Григорьян Анжела Людвиговна сайланды, 1968 жылы туған, «Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сі әкім, Есенгелді ауылдық округінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

Курмин сайлау округі

Курмин ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша

             Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 937 азамат енгізілді, оның 531-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Барлығына қарсы» деген жолда белгі қойылған - 25.

              Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

              Бегманов Қ.Х – 29; Қыдырбаева А.А – 374; Нефедова Н.В – 96.

              Курмин ауылдық округінің әкімі болып Қыдырбаева Айжан  Амандыққызы сайланды, 1988 жылы туған, ЖК «Алишер», Курмин ауылдық округінде тұрады, «AMANAT» партиясы ұсынған.

 

         Абай аудандық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 12 сәуір № 28,29,30 шешімімен 2022 жылғы 10 сәуірде сайланған Абай ауданының қала, ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

 

 

                                    

Абай аудандық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2022