2021 жылғы 30 наурызда Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2022 жылғы 10 сәуірге тағайындалған Абай ауданының қала, ауылдық окргутер әкімдеріне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» шешім қабылданды.
Абай ауданының қала, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрайымы Н.В.Сергеева баяндама жасады.
Ол 2022 жылғы 30 наурыз сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы қала, ауылдық округ әкімдеріне ұсынылған 11 кандидаттың 10-ын тіркегенін хабарлады.1 кандидат өз кандидатурасын өтініші бойынша алып тастады.
Тіркелген кандидаттар қатарында 6 (60%) ер адам және 4 (40 %) әйел адам.
Мамандықтар бойынша: 1– экономист, 4 - заңгер. 5-басқалары.
Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 1 коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері; 1 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері; 7 мемлекеттік қызметші, 0 қоғамдық ұйымдардың өкілдері, 0 жұмыс істемейтін 1 - басқалары.
30 наурыз сағат 18.00-ден бастап Абай ауданының қала, ауылдық округ әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 9 сәуір сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес.
Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.