2021 жылғы 1 қыркүйекте Абай аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3 - бабына сәйкес әкімдікке кандидаттар 2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған Сәрепті а., әкімдерді сайлауға өзін-өзі ұсыну тәртібімен-2 кандидат құжаттарын ұсынды.
Абай аудандық сайлау комиссиясы әкімдікке кандидаттардың оларға қойылатын талаптарға "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы Заңмен сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде белгілейді.
2021 жылғы 26 қыркүйекке тағайындалған Сәрепті ауылы әкімдігіне сайлау бойынша күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.