2021 жылғы 8 шілдеде Абай аудандық сайлау комиссиясына "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңының 113-3-бабына сәйкес 2021 жылғы 25 шілдеге белгіленген Топар к -1 кандидат, Қарағанды а/о – 1 кандидат әкімдерінің сайлауына өзін-өзі ұсыну тәртібімен әкімдікке кандидаттардың құжаттары ұсынылды.
Абай аудандық сайлау комиссиясмен Топар к., Қарағанды а/о әкімдері сайлауына кандидаттың "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" ҚР Конституциялық заңымен, Мемлекеттік қызмет туралы заңмен қойылатын талаптарға сәйкес келуін тиісті органдарға сұрау салу негізінде анықталады.
2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Топар к., Қарабас к., Южный к., Қарағанды а/о, Самарка а/о әкімдеріне сайлау жөніндегі күнтізбелік жоспарға сәйкес кандидаттарды ұсыну ағымдағы жылғы 26 маусым мен 9 шілде аралығындағы кезеңде (сағат 18.00-ге дейін) жүзеге асырылады.