2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Абай ауданының ауылдық округтері мен кенттері әкімдерінің сайлауына кандидаттарды ұсыну туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес Абай аудандық сайлау комиссиясы 2021 жылдың 25 шілдесіне Абай ауданының 5 кенті мен ауылдық округтері бойынша сайлау тағайындады.
2021 жылғы 03 шілдедегі жағдай бойынша 14 адам, оның ішінде саяси партиялардан – 4, өзін – өзі ұсыну тәртібімен-10 адам ұсынылды.
Оның ішінде:
Топар кенті әкіміне кандидаттар-3 адам,
Қарабас кенті әкіміне кандидаттар-3 адам,
Южный кенті әкіміне кандидаттар-2 адам,
Самар ауылдық округі әкіміне кандидаттар-3 адам,
Қарағанды ауылдық округі әкіміне кандидаттар-3 адам.

Дата публикации
03 июля 2021