Қарағанды облысы Абай ауданы Құрма ауылдық округінің Құрма ауылы мен Жұмабек ауылының шекарасын (шегін) белгілеу туралы " қаулы жобасы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына  сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің 1, 2 қосымшаларға сәйкес, шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданының Курмин ауылдық округінің Құрма ауылының және Жұмабек ауылының шекарасы (шегі) белгіленсін.
  2. «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына тиісті өзгерістерді енгізсін.
  3. Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Абай аудандық мәслихатының экономика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
30 января 2021