Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
- Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес, шаруашылықаралық жерге орналастыру жобасына сәйкес Қарағанды облысы Абай ауданының Южный кентінің шекарасы (шегі) белгіленсін.
- «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер-есеп құжаттамасына тиісті өзгерістерді енгізсін.
- Осы бірлескен аудан әкімдігінің қаулысы мен аудандық мәслихат шешімінің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына және Абай аудандық мәслихатының экономика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі