Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ағымдағы жылғы 9 қаңтардағы "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты Қазақстан халқына Жолдауында тоғызыншы міндет қойылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және заңның үстемдігі.
Бүгінгі таңда біздің республикамыздағы сыбайлас жемқорлық демократиялық мемлекетке қауіп төндіреді және халықаралық беделге тікелей нұқсан келтіреді. Бұл азаматтардың мемлекеттік билікке деген сеніміне нұқсан келтіреді, сайып келгенде, елдің тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруіне қауіп төндіреді, сондықтан бұл әлеуметтік қолайсыз құбылысқа қарсы тұру мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың міндеті болып табылады.