Мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру

Жаңа мемлекеттік қызмет туралы заңның күшке енген кезінен мемлекеттік қызмет тәртібін нығайту саласында түбегейлі өзгерістер болды.

 

Оның ішінде «Тәртіп кеңесі» институты жойылып, оның орнына жаңа құрылған Мемлекеттік істер министрлігінің коллегиалдық органы болып табылатын «Әдеп жөніндегі кеңес» енгізілді.

Бұл кенестің ең басты ерекшелігі мен жойылған Тәртіп кенесінен айырмашылығы оның басым қызметінің заңды бұзу себептерін белгілеумен оны алдын алуда болып табылады. Алғашқы рет кеңес тек қана тәртіп істері емес оған қоса сыбайлас – жемқорлық бойынша талдауды, сыбайлас – жемқорлыққа қарсы жұмыстардың мониторингын және әдеп бойынша уәкілеттілердің қызмет әдептілігін бақылаудағы жұмыстарын қарастырады.

Және де Әдеп кенесінің міндетіне мемлекеттік тәртіпті нығайту, мемлекттік қызметкерлердің мемлекттік қызмет бойынша заңын, қызмет әдептілігін, жемқорлыққа қарсы заңның орындауын бақылау мен әдеп бойынша уәкілеттілердің жұмыстарын жүргізу бойынша сұрақтарға ұсыныстар беру жатады.

Қарағанды облысының Әдеп кеңесінің құрамы маслихат, қоғам бірлестіктері, үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың басшыларынан құралған.

Дата публикации
03 февраля 2021