1-тарау. Жалпы ережелер
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімінің және әкімдігінің ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық және кадрлық қызметін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомставалы жоқ.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 100100, Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай қаласы, Жеңіс даңғылы 3.
- Осы ереже «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыруы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.
- «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер «Абай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.