Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығы негізінде «Абай аудандық «Абай ақиқат» газеті редакциясы» ЖШС Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидаттарға үгіт-насихат материалдарын орналастыру үшін баспа алаңын ұсыну шарттары туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға үгіт материалдарын жариялау үшін баспа алаңын шарттық негізде ұсынады.
«Абай ақиқат» аудандық газеті редакциясы» ЖШС «Абай ақиқат» газеті басылымындағы 1 шаршы сантиметр баспа алаңының құны 350 теңгені құрайтынын хабарлайды.
Баспа алаңын ұсыну редакциямен сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын орналастыру туралы жасалған жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.
Сондай-ақ сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарында міндетті түрде қаржыландыру көзі туралы ақпарат көрсетілуі тиіс екенін еске саламыз.
Қарағанды облысы «Абай аудандық «Абай ақиқат» газеті» ЖШС