Ақбастау және Мичурин ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-11 бабына сәйкес, Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 мамырдағы шешімдерінің негізінде:

- Ақбастау ауылдық округінің әкімі ретінде 1968 жылы туған, Абай ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны Туякбаев Рымбек Базылович тіркелді.

- Мичурин ауылдық округінің әкімі ретінде 1984 жылы туған, Абай ауданы Абай қаласының тұрғыны Таласов Август Шарападинович тіркелді.

Дата публикации
26 мая 2026