Абай ауданында жастар еңбек жасағын құру туралы

"Абай ауданының ішкі саясат бөлімі" ММ басшысының 25.05.2026 жылғы №18 бұйрығы

 

Абай ауданында жастар еңбек

жасағын құру туралы

 

“Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының Заңына,  Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы  "Жастар еңбек жасақтарын құру, ұйымдастыру, қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қызметіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 92 бұйрығына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Абай ауданында 2026 жылдың маусым-шілде-тамыз айларында еңбек маусымына арналған жастар еңбек жасақтары қосымшаға сәйкес құрылсын.
  2. Абай ауданының ішкі саясат бөлімінің "Абай ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ басшысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жастар еңбек жасақтарының жұмысын қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

 

Басшы                                                                                              О.Цой  

Дата публикации
25 мая 2026