Ақбастау және Мичурин ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындылары туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Абай ауданының Ақбастау және Мичурин ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау қорытындысы туралы хабарламасы

 

2026 жылғы 24 мамырда Абай ауданының Ақбастау және Мичурин ауылдық округтерінің әкімдерінің сайлауы өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 113-10-бабына сәйкес және Абай ауданының Ақбастау және Мичурин ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы келесі сайлау қорытындыларын белгіледі:

Ақбастау ауылыдқ округі бойынша сайлаушылар тізіміне 261 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 201 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 3 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жумабеков Нуржан Салкеновичке – 12 сайлаушы дауыс берді;

Туякбаев Рымбек Базыловичке – 172 сайлаушы дауыс берді;

Шакенова Асемгуль Каиргельдиновнаға – 11 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.

Сайлау қорытындысы бойынша Ақбастау ауылдық округінің әкімі болып 1968 жылы туған, Ақбастау ауылдық округінің әкімі, Абай ауданы Ақбастау ауылының тұрғыны, Туякбаев Рымбек Базылович сайланды.

Мичурин ауылдық округі бойынша сайлаушылар тізіміне 710 сайлаушы енгізілді. Дауыс беруге – 620 сайлаушы, оның ішінде дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 12 сайлаушы қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 3.

Әр кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кодебаев Рустам Жумажановичке – 43 сайлаушы дауыс берді;

Салауатов Балжан Серикулына – 50 сайлаушы дауыс берді;

Таласов Август Шарападиновичке – 494 сайлаушы дауыс берді.

«Бәріне қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.

Сайлау қорытындысы бойынша Мичурин ауылдық округінің әкімі болып 1984 жылы туған, «Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы, Абай ауданы, Абай қаласының тұрғыны, Таласов Август Шарападинович сайланды.

 

Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
25 мая 2026