2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта өз бетінше алу мүмкіндігін белсенді пайдаланған. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Жүргізілген талдау нәтижесіне сәйкес, өзіне-өзі қызмет көрсету аймағындағы өтініштер саны бір жыл ішінде 6,6 млн-нан астамға өсіп, шамамен 14,8 млн-ға жеткен. Ал 2024 жылы бұл көрсеткіш шамамен 8,2 млн болған.
Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары арқылы көрсетілген қызметтер саны бойынша Алматы қаласы көш бастап тұр – мұнда бір жыл ішінде 2,3 млн-нан астам қызмет көрсетілген. Одан кейін тізімде Алматы облысы (1 млн-нан астам) және Түркістан облысы (шамамен 1 млн) орналасқан.
Аталған аймақта ең көп сұранысқа ие болған келесі бес қызмет: электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу, архивтік анықтамалар рәсімдеу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу, соттылығының бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама беру, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтама алу.
«Біздің қызметіміздің негізгі мақсаты – азаматтарға барынша ыңғайлы әрі қолжетімді жағдай жасау. Әр адам мемлекеттік қызметті өзіне қолайлы тәсілмен алуы тиіс: біреулер мобильді қосымшалар мен электрондық үкімет порталын таңдаса, өзгелері банк қосымшаларын немесе ХҚКО-ға жүгінуді жөн көреді. Біз үшін ең бастысы – қызмет алушылардың жайлылығы мен қанағаттану деңгейі», – деп атап өтті Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, 2025 жылы ХҚКО операторлары арқылы 13 млн-нан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген, ал 2024 жылы бұл көрсеткіш 15 млн-нан асқан. Фронт-офистер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер көлемі бойынша Алматы, Астана және Шымкент қалалары көшбасшы болып қала береді.
Сауалнама нәтижелеріне сәйкес, еліміз бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттану деңгейі 95 пайыздан асады.
Южный кентінде Батыр ЖК мердігерлік ұйымы көше жарықтандыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілді
2025 жылдың 11 сәуірінде Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ж.Б. Жұмабаева Южный кентінің әкімі Б.М. Икишеваның қатысуымен жер және сәулет заңнамасы мәселелері бойынша азаматтарды қабылдады. Тұрғындарға жер учаскелерін ресімдеу, нысандар мен ғимараттарды пайдалануға беру бойынша түсіндірмелер беріліп, консультациялық көмек көрсетілді. Сондай-ақ, жеке қосалқы шаруашылық жүргізу және объектілер салу үшін берілген жер учаскелерін тексеру және сауда объектілерінің сыртқы сәулеттік келбетін тексеру жүргізілді.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Антикор 1424 WhatsApp чат-ботын іске қосты. Енді әрбір азамат сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады. Бұл үшін 8-777-000-14-24 нөміріне хабар жіберсеңіз жеткілікті.
Антикор 1424 WhatsApp чат боты арқылы не істеуге болады:
- сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы беру қарастырылған.
Барлық хабарлар міндетті түрде қаралады. Құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданатын болады.
Алайда сыбайлас жемқорлық туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ақпараты бойынша
2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы іске қосылған 12 ай ішінде "БЖЗҚ" АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) шамамен 6,30 млн АҚШ долларына 62 697 өтініш орындады (өтініш берушілердің банктік шоттарына аудару үшін уәкілетті операторларға аударылды). Оның ішінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 3,63 млн астам АҚШ долларына 36 119 өтініш, білім алу ақысын төлеу үшін шамамен 2,67 млн АҚШ долларына 26 578 өтініш орындалды. Естеріңізге сала кетейік, нысаналы жинақтарды алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы, ақшаның пайдаланылмаған қалдығы нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) қала береді.
Тұрғын үй жағдайларын жақсарту аясында қазақстандықтар қаржыларын көбінесе мынадай мақсатта пайдаланды: одан әрі жинақтау үшін тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыру (шамамен 3,53 млн АҚШ долларына 35 113 өтініш орындалды), тұрғын үй сатып алуға ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарнаны енгізу – шамамен 30,27 мың АҚШ долларына 304 өтініш, азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша меншікке тұрғын үй сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) – шамамен 29,60 мың АҚШ долларына 295 өтініш.
Білім алу ақысын төлеу бойынша ең танымал қосалқы мақсаттар: Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім ұйымдарының білім беру қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе бір рет толық көлемде (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (2,25 млн АҚШ долларына 22 435 өтініш орындалды), білім алу үшін жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім алу жинақтау салымын толықтыру (314,86 мыңға жуық АҚШ долларына 3 133 өтініш орындалды), шетелдік білім беру ұйымдарының оқыту қызметтеріне үлестермен (әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін) немесе толық көлемде біржолғы (бүкіл оқу мерзімі үшін) ақы төлеу (88,47 мың АҚШ долларына 880 өтініш орындалды).
Естеріңізге сала кетейік, биыл еліміздің азаматы болып есептелетін барлық балаларға екінші рет Қазақстан Ұлттық қорынан қаражат есептелді.
"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына қатысушылардың жалпы саны (2024 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) - 6 921 035 бала. Оның ішінде 324 430 қатысушы 2025 жылы 18 жасқа толады. Есепті жылы барлық балаларға бірдей сома есептеліп, оның бір балаға шаққандағы мөлшері - 129 АҚШ доллары 38 цент.
2024 жылы Ұлттық қордан алғашқы қаражат есептелген балаларға, 2006 жылы туған балаларды қоспағанда, ағымдағы жылы 3,04 АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық кіріс есептелді. Нәтижесінде бағдарламаға 2 жыл қатарынан қатысқан баланың нысаналы талаптары/нысаналы жинақтары 232 АҚШ доллары 94 центіне жетті.
Нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың саны, сондай-ақ, нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалану бойынша уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.
kids.enpf.kz сайтында және БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында Бағдарламаның шарттарымен, қажетті нұсқаулықтармен танысып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап ала аласыз. Сондай-ақ, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын іске асыру, бала кәмелетке толғанға дейін және одан кейінгі іс-қимыл алгоритмі туралы бейне нұсқаулықты БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында https://www.youtube.com/watch?v=a9L8N4Q28OM сілтемесі бойынша көруге болады.
Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын зейнетақы жинақтарын алу бойынша делдалдық қызметтерді төмен пайызбен көрсету туралы ұсыныстар таратылуда.
"БЖЗҚ" АҚ өз салымшылары мен алушыларына ЕСКЕРТЕДІ: зейнетақы жинақтарын алу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінде қатаң белгіленген жағдайларда ғана мүмкін. Ең алдымен, бұл зейнет жасына толу, 1 немесе 2 топтағы мерзімсіз мүгедектік, шет елге тұрақты тұруға кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинақтарын тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және/немесе емделуге заңнамамен белгіленген шарттар сақталған жағдайда, төмендегі азаматтардың санаты пайдалана алады:
Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы мүмкін болады. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.
Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.
БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.
Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:
enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,
БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да тексере аласыз.
2024 жылғы 1-15 желтоқсан аралығында әлеуметтік кәсіпкерлік тізіліміне енгізуге өтініштер қабылдау басталады.
Өтінім беру орны: «Абай ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ, Абай қ. Ә. Молдағұлова көшесі, 41, №3 кабинет.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2024 жылғы «1» желтоқсаннан 2024 жылғы «15» желтоқсан аралығында жұмыс күндері сағат 9.00-18.30, түскі үзіліс сағат 13.00-14.30. (жергілікті уақыт).
Толық ақпарат: 8 (72131) 41991.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы А. Сахариеваның мақаласы
Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.
Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.
Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.
Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.
Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).
Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.
Олар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;
3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.
- Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;
- АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;
- Портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.
Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Ж. Сәрсеннің мақаласы
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.
Ақпараттық жүйелердің құқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:
Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.
Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.
Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру
және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.