«Топар кенті әкімінің аппараты» ММ тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және жолын кесу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында тұрақты түрде кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Аталған жұмыстар аясында халықпен тұрақты түрде дөңгелек үстелдер, ақпараттық-түсіндіру кездесулері мен әңгімелесулер, сондай-ақ кенттің кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіледі. Іс-шаралар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормалары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жауапкершілік, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда азаматтардың жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы брошюралар, жадынамалар және өзге де ақпараттық материалдар таратылады. Ақпараттық стендтерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзекті ақпарат орналастырылады, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматта алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Өткізілетін іс-шаралар мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары «Топар кенті әкімінің аппараты» ММ-нің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып, кент тұрғындары үшін ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
«Топар кенті әкімінің аппараты» ММ сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын, еңбек ұжымдарымен және халықпен кездесулерді өткізу, ақпараттық материалдарды тарату, сондай-ақ жүргізіліп жатқан жұмыстарды ресми ақпараттық ресурстарда уақтылы жариялау бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.
Негізгі міндет – халықтың құқықтық мәдениетін арттыру, қызметтің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету және қоғамда заңдылық пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидаттарын қалыптастыру.