Меню

Страницы

Статья

Департамент 250 гектар жерге құқықтық қалпына келтірді

Департамент 250 гектар жерге құқықтық қалпына келтірді

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.

Атапайтқанда, биылғы жылы Осакаров ауданының тұрғыны ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін 250 гектардан астам жер учаскесін беруден негізсіз бас тарту фактісімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағым білдірген.

Аталған шағым негізінде, Департамент (бұдан әрі- Департамент) қызметкерлері Осакаров ауданының әкімдігінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіп,мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгенін анықтады.

Тиісінше шағымды қарау нәтижесі бойынша Осакаров ауданы әкімдігінің атына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

Осылайша, Департаменттің тікелей араласуымен көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясының шешімімен Осакаров ауданында ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін жүргізу үшін 250 гектардан астам жер учаскесі беріліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Департаменттің ерекше бақылауында.

Дата публикации
26 января 2024
Дата обновления
26 января 2024
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
18 ноября 2024
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Ақпарат
18 ноября 2024
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады
Ақпарат
18 ноября 2024
Ақпараттық жүйелердің қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтірудегі рөлі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы