Сәрепті ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар туралы
Сәрепті ауылында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде.
2026 жылдың 8 айы ішінде ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын түсіндіруге, парасаттылық, адалдық және сатылмаушылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
Тұрғындармен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастырылып, олардың барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде заңнама талаптарын сақтау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселелері қарастырылады.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы ақпараттық брошюралар мен жадынамалар ай сайын таратылып тұрады. Ақпараттық материалдарда сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу, пара беруге және алуға жол бермеу, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөніндегі түсіндірмелер қамтылған.
Сәрепті ауылының аумағында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттық баннер орнатылған. Баннерде орналастырылған ақпарат арқылы тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі негізгі қағидалар жеткізіледі.
Аталған бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде және алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.