«Сәрепті ауылының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі»

Есепке аналитикалық анықтама

«Сәрепті ауылы әкімінің аппараты» ММ халыққа мемлекеттік қызметтің 20 түрін көрсетеді. 2020 жылы 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Оның ішінде:

  • сауда-саттық өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды беру — 4;
  • жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту — 0.

Мемлекеттік қызметтің 19 түрі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету регламенттері бекітілген.

2020 жылдың қаңтар айында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту фактілері тіркелген жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын қызметкерлермен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бір ай бойы күніне 4 рет дауыс зорайтқыш байланыс арқылы ЭЦҚ алу және пайдалану мәселелері бойынша дыбыстық хабарландыру таратылды. Қамтылған халық саны 80 адамды құрады.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар келіп түскен жоқ.

«Сәрепті ауылының жергілікті атқарушы органдарының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі»
Дата публикации
06 мая 2026