GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Қызметі
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Все материалы
ТҮКШ
02 мая 2024
Департамент 250 гектар жерге құқықтық қалпына келтірді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.

Атапайтқанда, биылғы жылы Осакаров ауданының тұрғыны ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін 250 гектардан астам жер учаскесін беруден негізсіз бас тарту фактісімен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне шағым білдірген.

Аталған шағым негізінде, Департамент (бұдан әрі- Департамент) қызметкерлері Осакаров ауданының әкімдігінде жоспардан тыс тексеріс жүргізіп,мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңнама талаптарының бұзылуына жол берілгенін анықтады.

Тиісінше шағымды қарау нәтижесі бойынша Осакаров ауданы әкімдігінің атына бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым енгізілді.

Осылайша, Департаменттің тікелей араласуымен көрсетілетін қызметті алушыға жер комиссиясының шешімімен Осакаров ауданында ауыл шаруашылығы қажеттіліктерін жүргізу үшін 250 гектардан астам жер учаскесі беріліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары мен заңды мүдделері қалпына келтірді.

Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі Департаменттің ерекше бақылауында.

Кәсіпкерлік және өнеркәсіп
31 января 2024
"Ауыл Аманаты"жобасы бойынша кредит беруге өтінімдерді қабылдау басталды

Құрметті ауыл тұрғындары! "Ауыл Аманаты" жобасы бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Тілек білдірушілер толығырақ ақпарат алу үшін Самара ауылдық округі әкімінің аппаратына хабарласуларыңызды сұраймыз.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы