Меню

Страницы

Статья

ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ

Қарағанды қаласының тұрғыны жер учаскесін жалдау шартын ұзарту
кезінде жергілікті атқарушы органның тарапынан бірталай қиындықтарға тап
болған.
Әкімдіктен нақты түсініктеме алмаған қала тұрғыны Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментіне шағымдану арқылы өз құқығын қорғауға шешім
қабылдаған.
Өз кезегінде, Департаментпен жүргізілген тексеру қорытындысы
бойынша жалға алушы шарттық міндеттемелерді бұзбағандығы, сонымен
қоса, әкімдікпен берілген бас тартудың заңды негіздері жоқ екендігі
анықталып, бұзушылықтарды жою және жалға алушының құқықтарын
қалпына келтіру туралы ұйғарым енгізілді. Бұл шешім Қарағанды тұрғынына
жер учаскесін заңды негізде пайдалануға мүмкіндік берді.
Көрсетілген жағдай азаматтық құқықтарды қорғаудың маңыздылығын
және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуде іс-әрекеттерінің
ашықтығын қамтамассыз ету қажеттілігін көрсетеді.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік
кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық
көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда ұсыныстарынызды
Департаментке Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша
немесе Е-Өтініш платформасы арқылы бере аласыздар.

Дата публикации
04 июня 2024
Дата обновления
04 июня 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
08 мая 2026
Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау ерекшеліктері
Жаднама
16 сентября 2025
«Жер учаскелерін калыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекту» мемлекеттіқ кызметі алу бойынша жадынама
Жаднама
16 сентября 2025
«Мугедектігі бар адамдарды техникалык кемекшт (компенсаторлык) куралдармен камтамасыз етуге кужаттарды ресімдеу» мемкызметін алу бойынша жадынама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы