Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
А. Сахариеваның мақаласы
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады
Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.
Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.
Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.
Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.
Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).
Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.
Олар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;
3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.
- Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;
- АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;
- Портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.
Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы Ж. Сәрсеннің мақаласы
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.
Ақпараттық жүйелердіңқұқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:
Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.
Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.
Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру
және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66,
8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің функцияларының бірі мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру болып табылады.
Ағымдағы жылы Департамент қызметкерлерімен 10 нан астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Департаментке Қарағанды қаласының тұрғыны Қарағанды облысы бойынша «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясымен ұсынылған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуден бас тартумен келіспейтіні туралы және бұзылған құқықтарын қалпына келтіруді сұрап шағым білдірді.
Өз кезегінде Департамент шағымды объективті және жан-жақты қарау үшін маңызы бар құжаттарға құқықтық талдау жүргізді.
Шағымды қарау қорытындысы бойынша Қарағанды қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімінің атына Департамент қызмет алушының мүлкі техникалық параметрлерге сәйкестігі туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушіге жолдау арқылы заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс - хат жолдады.
Осылайша, Департаменттің көмегімен қызмет алушының жылжымайтын мүлікіне құқықтары тіркеліп, бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтірді.
Бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерді қалпына келтіру мәселесі мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінде ерекше бақылауда.
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментінің
мемлекеттік қызметтер көрсету
басқармасының бас маманы
ҚАЙРАТ МҰРАТҰЛЫ ТЕМИРЖАНОВ
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша Департаменті
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
басқармасының басшысы
А. Абдикаримовтың мақаласы
Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.
Бұл бағытта Агенттікпен және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.
Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Басқа бір жағдай бойынша, қызмет алушы мүгедек баланы асыраушысы бола тұра, құжат рәсімдеуде заңмен қарастырылған жеңілдікті пайдалана алмаған.
Аталған факт бойынша Департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық жүйенің жетілдірілмегендігінен қызмет алушыдан мемлекеттік баж төлеу міндеттелгендігі анықталды. Бұл бойынша Департаментпен орталық мемлекеттік мекемелерге тиісті хаттар жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Яғни, қызмет алушы заңнамада көзделген жеңілдікпен құжат рәсімдеуге қол жеткізді.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер басқармасының
бас маманы С. Амангельдинованың мақаласы
Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам астам өтініш келіп түскен.
Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.
Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.
Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.
Атап айтқанда, қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.
Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері:
8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
"БЖЗҚ" АҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасында бірнеше негізгі инновациялар күшіне енгенін еске салады:
"Ұлттық қор-балаларға" бағдарламасын іске асыру
01.01.2024 ж. бастап Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды, оның шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтарына (нысаналы талаптарға қатысушыларға) жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% - ы есептелетін болады), сондай-ақ жыл сайын осы сомаға есептелетін инвестициялық кіріс.
Мәселен, 2024 жылдың қаңтар айының ішінде БЖЗҚ 2023 жылдың 31 желтоқсанының соңындағы жағдай бойынша "жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін қалыптастырады.
Осы тізім және ҚР ҰБ-дан алынған ақпарат негізінде Ұлттық қордың БЖЗҚ табысының 50% сомасы
Аудан әкімдігінде 2023 жылы үздік нәтиже көрсеткен еріктілер марапатталды.
Владимирова Руслана Андреевна Әлеуметтік волонтерлік бағытында 2023 жылдың үздік еріктісі атанды. Экологиялық еріктілік бағытында Ең үздік болып Рахмет Сұлтан Маратұлы танылды. Мария Игоревна Кушманцева EVENT – волонтерлік бағытында үздік деп жарияланды. Аудан басшысы балаларға лайықты наградалар табыс етті. Іс-шараның барлық басқа қатысушылары аудан әкімінің және аудандық полиция басқармасы бастығының алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Осындай позитивті және жауапты жастарды көру өте қуанышты. Балалар, жаңа жетістіктер!