«Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2022 жылға арналған мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жылдық есебі

        "Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген қызметтердің 5 түрін көрсетеді:

         1) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;

         2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

         3) Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;

         4) Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту;

         5) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.

         Есептік деректерге сәйкес, ММ талданып отырған кезеңде барлығы 40 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс – шараларының саны – 14, оның ішінде 2 тікелей эфир – халықты қамту – 241 адам, 12 – өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы-100 адам, буклеттерді тарату-120 адам

         Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыр у бойынша халықты түсіндіру іс – шараларымен барлығы-461 адам қамтылды.

         Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Халықтан шағымдар түскен жоқ.

Дата публикации
08 августа 2024