"Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген қызметтердің 5 түрін көрсетеді:
1) Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;
3) Жер учаскесін жеке меншікке бір рет не бөліп-бөліп сату;
4) Жер учаскесіне жалдау мерзімін ұзарту;
5) Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру.
Есептік деректерге сәйкес, ММ талданып отырған кезеңде барлығы 40 Мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс – шараларының саны – 12, оның ішінде 2 тікелей эфир – халықты қамту – 236 адам, 11 – өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы-98 адам, буклеттерді тарату-110 адам
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыр у бойынша халықты түсіндіру іс – шараларымен барлығы-438 адам қамтылды.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзу фактілері анықталған жоқ. Халықтан шағымдар түскен жоқ.