2022 жылға әкім есебі

2022 жылы атқарылған жұмыстар туралы

Құлаайғыр ауылдық округі әкімінің есебі

 

Құрметті округ тұрғындары!

Округ экономикасының негізгі көзі ауылшаруашылығы болып табылады. Құлаайғыр ауылдық округінің аумағы 75232 гектарды құрайды, оның ішінде 73 ауылшаруашылық құрылымдарына 55013 гектар жер жалға берілген.

(Анықтама үшін: 55 шару қожалығы, 7 ЖШС, 1 өндірістік кооператив).

2022 жылға егіс алаңы 4923 гектар құрайды, оның ішінде бидай 1890 гектардан 642 тонна жиналды, арпа 1908 гектардан 965 тонна жиналды, картоп 80 гектардан 2000 тонна,  қызылша 4 гектардан 100 тонна жиналды, 1041 гектар көпжылдық шөп егілді, 16530 тонна мал азығына шөп дайындалды.

2023 жылдың 01 қаңтарына мал басының саны: ірі қара – 3345 бас, оның ішінде сиырлар – 1456 бас, шошқа – 149 бас, ұсақ мал– 4773 бас, жылқы – 1154 бас, құстар – 1687 бас.

Өткен жаз айларында 4 жайлауда, оның ішінде Жаман жол ауылының жеріндегі 3 жайлауда жазғы жайылым ұйымдастырылды.

Шаруа қожалықтарының өз қаражаты есебінен салған инвестициялары 34 млн. 710 мың теңгені құрайды, оның ішінде 5 бас асыл тұқымды бұқа алуға 2 млн. 460 мың теңгені құрайды (ақбас тұқымды 2 бұқа, «герифорд» тұқымды 3 бұқа), 32 млн. 250 мың теңгеге 3 трактор, азық таратқыш, шөп орағыш, тырма, шалғы сатып алынды, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 10 млн тенге несиеге – 25 бас жылқы, «АПК Қаржыгер ЖШС-нен 43 млн 200 мың тенгеге – 90 бас жылқы малы және 9 млн 860 мың тенге несиеге  ауылшаруашылық техникалары сатылып алынды.

 

Коммуналдық сала мен абаттандыру бойынша келесі шаралар атқарылды:

Маусым айында 500 мың теңге бюджет қаражатына заңсыз қоқыс төгу орындарын жою жұмыстары атқарылды.

Көше жарығының 256 шамына техникалық қызмет көрсету жұмыстарын «Хишина» жеке кәсіпкерлігі орындады, бөлінген қаражат 600 мың теңгені құрайды.

Ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын қардан тазалауды «Ансар» жеке кәсіпкерлігі атқарды, бұл мақсатқа 800 мың теңге қарастырылған.

Бейбітшілік көшесіндегі саябақтың 3-ші және 4-ші бөліктерінің қоршауын ауыстыру жұмыстары аяқталды, келісім-шарт сомасы 9 млн. 518 мың 880 теңге, жұмыстарды атқарушы «ТСК Базис» ЖШС.

Құлаайғыр-Жаман жол бағытындағы аудандық маңыздағы жолдың ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. Конкурс жариялаушы Абай ауданының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі, келісім-шарт сомасы 20 млн. 800 мың теңге, жұмыстарды орындаушы «Аксу-Т» ЖШС.

 

Әлеуметтік қорғау саласында келесі көрсеткіштерге қол жеткзілді:

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» аясында 1 адам шаштараз мамандығы курсын тәмамдады. Жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант алуға 3 адам үміткер, оның 2-і «Бастау-бизнес» сертификатын алды, 1 мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік грант алды . Ұлттық жоба аясында 12 адам жұмысқа орналасты, жоспар 40 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орны 4 адам, қоғамдық төленетін жұмыстарға 3 адам жіберілді, жоспар 1 адам. Сонымен қатар «Жастар практикасы» жобасы аясында 1 адам жұмысқа орналасты. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша 8 адам жұмыспен қамтылды.

 

Тұрғындар өмірінің сапасын жақсарту мақсатында 2023 жылдың бюджетінде біраз шараларға қаржы қарастырылған, атап айтсақ:

          - Құлаайғыр ауылының 2,5 км ішкі жолдарын орташа жөндеу;

- Құлаайғыр ауылының 3,0 км ішкі жолдарына тас төсеу;

- Қазақстан көшесіне 12 жарық шамдары бағаналарымен орнатылатын болады;

- Орталық көшеге қосымша 3 автобсус аялдамасы орнатылады.

- Орталық сабақты қоршауын ауыстыру жұмыстары жалғасатын болады;

- Көшеге 4 бейнебаылау камералары орнатылады;

- «Воркаут» көше спорт алаңы орнатылады.

 

Осыған қарамастан, шешімін таппаған бірқатар мәселелер де бар, олар:

- электр желілерінің тозуы;

- жаз мезгілінде ауыз судың болмай қалуы;

- автобус қатынасының жеткілікті жұмыс жасамауы;

- көктемгі тасқын су кезіндегі қиындықтар;

- тұрғындардың мал басына жайылымның жетіспеуі.

 

2022 жылға әкім есебі
Дата публикации
01 февраля 2024