"Қарағанды облысы Абай ауданы Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2024 жылы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

«Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де

мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2024 жылғы есебі

 

 

      «Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

«Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышында берілген электрондық қызметтерді есепке алу журналы жүргізіледі, 2024 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 70 қызмет алушы 130 мемлекеттік қызмет алды (жылжымайтын мүлікке құқықтардың жоқтығы туралы). Сондай-ақ жеке куәлік арқылы картридер көмегімен мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Ай сайын «Көксу ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де Құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі. 2024 жылдың қазан айында жалпыға бірдей құқықтық оқыту барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» зерттеу жүргізілді.

Әкім аппаратындағы стендте қосымшалар мен порталдар арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша хабарландырулар мен шағын плакаттар орналастырылған. Сондай-ақ, ай сайын әлеуметтік желілерде әкім аппаратының мамандарымен (парақшалар тарату, дөңгелек үстелдер өткізу) электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

2024 жылға:

Халық арасында Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша брошюралар тарату 50

Дөңгелек үстелдер өткізу 2

 

 

 

Дата публикации
06 февраля 2025