Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.
"Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының 7-бабының 4-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Төраға |
А. Шпекбаев |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 16.06.2023 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) құқықтық статистика органдарының деректері;
2) жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері жөніндегі өтініштері;
3) үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың мәліметтері;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша әлеуметтанушылық сұрастырулар деректері;
5) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;
6) заңмен тыйым салынбаған өзге де ақпарат көздері болып табылады.
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу тәртібі
Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) кешенді;
2) тақырыптық.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторингті жүргізу кезінде қызметтің әртүрлі салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесі, оның ішінде екі және одан да көп мемлекеттік органның, ұйымдардың және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі бағаланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлық көріністеріне барынша шалдыққан қызмет салаларын анықтау;
2) мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін бағалау;
3) қоғамның сыбайлас жемқорлық деңгейін түсінуі мен бағалауын талдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг жүргізу кезінде қызметтің белгілі бір саласында, нақты мемлекеттік органда, квазимемлекеттік сектор ұйымында немесе субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша құқық қолдану тәжірибесі бағаланады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторингтің міндеті белгілі бір салада, нақты мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін мәселелерді зерделеу болып табылады.
11-1. Кешенді және тақырыптық сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезінде уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес алынған ақпараттың анықтығы мен толықтығын растау мақсатында, егер объект сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нысанасына жататын салаға қатысты болса, баруға ашық жерлерде орналасқан объектіні (қоғамдық пайдалану орындарында не ашық жерде) фото- және бейнетіркеуді қолдану арқылы көзбен шолып қарауды жүргізеді.
Орналасқан жерге барып шығу барысында алынған мәліметтер осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген талдамалық есепте көрсетіледі.
Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 19.08.2026 № 148 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді мониторинг – жылына кемінде бір рет;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг – тұрақты негізде.
1) осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген ақпаратты ашық көздерден жинау және қорыту;
2) жиналған ақпаратты зерделеу және талдау;
3) белгілі бір қызмет саласында, нақты мемлекеттік органда, ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін проблемалық мәселелерді айқындау;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдар, ұйымдар және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлей отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижесін қалыптастыру.
3-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін бағалау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік органдар, ұйымдар және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілері қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлеу;
2) мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және/немесе квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу туралы ұсынымдар әзірлеу қамтылатын шешім қалыптастырылады.
|
|
Сыбайлас жемқорлыққа |
Нысан
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг қорытындылары бойынша талдамалық есеп
________________________________________________________
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг түрі)
Мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мен туындау себептерін сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштер.
III. Қорытынды бөлім
Қорытындылар. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі құқық қолдану практикасының тиімділігін өлшеуге мүмкіндік беретін сандық және/немесе сапалық көрсеткіштер және осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес шешім.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК