Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32211 болып тіркелді.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
О. Бектенов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасы |
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ереже
Ескерту. Үлгілік ереже жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (13.08.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің жұмысын ұйымдастыру
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы Үкіметінің не орталық мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылған;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің еншілес, тәуелді немесе үлестес ұйымдары, филиалдары не өкілдіктері бар;
3) жұмыскерлерінің орташа жылдық саны жүз адамнан асады.
3-тарау. Қызметтің негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі мен оның жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу құралдарын енгізуін қамтамасыз ету;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары жүйесін тиімді іске асыру;
3) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді қамтамасыз ету;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптардың және озық халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
5) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету.
1) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігіне қатысты ақпаратты жинауды, өңдеуді, қорытуды, талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуді үйлестіреді;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органның және квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшыларының бірлескен шешімі бойынша жүргізілетін квазимемлекеттік сектор субъектісінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауға қатысады;
4) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне және оларды төмендету мен жою бойынша қабылданып жатқан шараларға мониторинг жүргізеді;
5) квазимемлекеттік сектор субъектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша түсіндіру іс-шараларын өткізеді;
6) квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмыскерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту семинарларын ұйымдастырады;
7) квазимемлекеттік сектор субъектісі жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
8) квазимемлекеттік сектор субъектісінің ұжымында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдеп нормаларына сәйкес келетін өзара қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі;
9) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ішкі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және оның орындалуына мониторинг жүргізеді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
10) тармақша 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
10) мүдделер қақтығысын анықтау, оған мониторинг жүргізу және оны реттеу жөнінде шаралар қабылдайды;
11)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
11) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
12)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
12) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
13)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
13) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
14)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
14) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
15) контрагенттердің сенімділігіне кешенді тексеру жүргізеді;
16) квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлық фактілері туралы өтініштер (шағымдар) негізінде қызметтік тексерулер жүргізеді және (немесе) оларға қатысады;
17) Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістерге және квазимемлекеттік сектор субъектісіндегі сыбайлас жемқорлықпен байланысты істер бойынша сот практикасына мониторинг және талдау жүргізеді;
18) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асыру тиімділігіне бағалау жүргізеді;
19) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою және ішкі процестердің тиімділігін арттыру жөніндегі міндетті түрде қаралуға жататын ұсынымдарды квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына және тиісті мәселе құзыретіне жататын құрылымдық бөлімшелерге енгізеді;
20) квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметінің ерекшелігіне қарай, егер мұндай функциялар тәуелсіздікке әсер етпесе және мүдделер қақтығысын туғызбаса, комплаенс, іскерлік әдеп, орнықты даму мәселелерімен байланысты функцияларды жүзеге асырады;
21) сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат жөніндегі уәкілетті органмен, мемлекеттік органдармен, квазимемлекеттік сектор субъектілерімен, қоғамдық бірлестіктермен, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайды.
1) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауы;
2) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың Заңда белгіленген қаржылық бақылау шараларын сақтауы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақша 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
3) Қазақстан Республикасы заңнамасының мүдделер қақтығысын болғызбау және реттеу жөніндегі талаптарының сақталуы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақша 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың жақын туыстарымен, жұбайларымен және (немесе) жекжаттарымен бірге жұмыс істеуіне тыйым салудың сақталуы;
5)
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
5) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
6)
6) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
7)
7) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
8) қызметтік өкілеттіктерге кіретін әрекеттер үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар, көрсетілетін қызметтер алуға және (немесе) беруге тыйым салудың сақталуы;
9) мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу немесе иемдену мақсатында қызметтік және ресми таратылуға жатпайтын өзге де ақпаратты пайдалануға тыйым салудың сақталуы;
10) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдардың құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге, оның ішінде интернет-ресурстар желілерін пайдалану арқылы өткізілетін құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуына тыйым салуды сақтауы;
11) бұрын мемлекеттік қызметте лауазым атқарған адамдарды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық қылмыстарын немесе әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасаған адамдарды жұмысқа қабылдау, еңбек шартын жасасу және жұмысқа орналастыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулер мен тыйым салулардың сақталуы.
1) өкілеттіктерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды, мәліметтер мен материалдарды, оның ішінде коммерциялық құпияны құрайтындарын сұратады және алады;
2) квазимемлекеттік сектор субъектісінің цифрлық жүйелері мен дерекқорларына қол жеткізеді;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тексеру іс-шараларын, қызметтік тексерулерді және қызметтік тергеп-тексерулерді жүргізуге қатысады;
4) қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан тұлғадан, сондай-ақ қызметтік тергеп-тексеру шеңберінде басқа тұлғалардан жазбаша түсініктемелер алады;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелері мен жұмыскерлерінің ақпаратын тыңдайды;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінеді;
7)
7) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 (мәтін алып тасталды) бұйрығымен.
4-тарау. Қызметтің жұмыс тәртібі
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
22-тармақ 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
23-тармақ 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
24-тармақ 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
25-тармақ 01.01.2027 дейін тоқтатыла тұрады және тоқтатыла тұру кезеңінде осы редакцияда қолданылады - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 10.08.2026 № 143 бұйрығымен.