10.04.2025 жылы Жартас ауылының ҚДК Абай ауданы әкімінің округ тұрғындарымен кездесуі өтеді Барлық ниет білдірушілерден қатысуды сұраймыз
Көлік салығы: қашан және қанша төлеу қажет?
2024 жылға жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықты 2025 жылғы сәуірдің бірінен кешіктірмей төлеу керек екендігін еске салады.
Көлік құралдарына салынатын салықтың сомасын kgd.gov.kz web – порталда «e-Salyg Azamat» мобильді қосымшасында орналыстырылған салық калькуляторының көмегімен дербес есептеуге болады.
Сонымен бірге, 2025 жылдың 15 наурызынан кейін салық органдары есептелген көлік құралдарына салынатын салық сомалары «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH-хабарлама түрінде жіберілетін болады. Бұдан басқа, бұл ақпарат kgd.gov.kz web – порталда «Жеке тұлғалар үшін алдағы төлемдер» сервисінде, сондай-ақ «e-Salyg Azamat» және екінші деңгейдегі банктер «Каспий банк» АҚ және «Халық банк» АҚ қосымшаларында орналастырлатын болады. Сумма налога на транспортные средства можно самостоятельно рассчитать с помощью калькулятора на портале kgd.gov.kz и в мобильном приложении e-Salyg Azamat.
Электрондық үкімет - бұл ақпараттық технологиялардың көмегімен мемлекет пен азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бір-бірімен өзара іс-қимылының олардың келісімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай тетігі. Порталдың көмегімен мемлекеттік органдарға жүгінуге байланысты мыңдаған күнделікті мәселелерді шешуге болады: зейнетақы аударымдары туралы ақпарат алу, коммуналдық қызметтерді төлеу, баланы балабақшаға кезекке қою, дәрігерге жазылу, жұмыссыз ретінде тіркелу және т. б..
"Электрондық үкімет" порталының қолжетімділігін қамтамасыз ету және электрондық мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуды қамтамасыз ету мақсатында округ әкімі аппаратының ғимаратында EGOV өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
Компьютерге немесе интернетке қол жеткізе алмайтын тұрғындар электрондық үкімет порталында қолжетімді қызметтерді өз бетінше ала алады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта электрондық-цифрлық қолтаңбаны алуға және мобильді азаматтар базасында egov порталында виртуалды қолтаңбаны алуға болады.
Порталды пайдалану бойынша сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы кез келген азамат 1414 байланыс орталығына қоңырау шала алады, оған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мамандары кеңес береді, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін "Электрондық үкімет" порталының барлық мүмкіндіктерімен өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалана алады.
Толығырақақпаратты "Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты"ММ-ден алуға болады.
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Қарағанды ауылдық округі, Жартас ауылы, Қазақстан көшесі, 24;
Байланыс телефондары:8(72131)91-221.
24.01.2025 жылы сағат 15.00-де "Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында "Абай ауданының ж24.01.2025 жылы сағат 15.00-де "Қарағанды ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ ғимаратында "Абай ауданының жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы Жумабаева Жанар Бериковна жер қатынастары және сәулет саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
(ЖҚШ, бау-бақша шаруашылығы, ШФҚ) жер учаскелерін ресімдеу, беру бойынша сұрақтарыңыз болса, қатысып, қызықтырған сұрақтарыңызды қоюларыңызды сұраймызер қатынастары бөлімі" ММ басшысы Жумабаева Жанар Бериковна жер қатынастары және сәулет саласы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
(ЖҚШ, бау-бақша шаруашылығы, ШФҚ) жер учаскелерін ресімдеу, беру бойынша сұрақтарыңыз болса, қатысып, қызықтырған сұрақтарыңызды қоюларыңызды сұраймыз
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Қарағанды облысы бойынша департаментінің
басшысы, Әдеп кеңесінің төрағасы
Ж. Сәрсеннің мақаласы
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер мемлекеттік қызметтер көрсетуді жеңілдетіп, азаматтардың құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Қазақстан Республикасында цифрландыру процесі қарқынды дамып келеді, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артып, оның ашықтығы мен қолжетімділігі қамтамасыз етілуде. Ақпараттық жүйелер мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын тиімді қалпына келтіру үшін қажетті тетіктерді ұсынады.
Ақпараттық жүйелердіңқұқық қорғаудағы артықшылықтары туралы айтатын болсақ, ақпараттық жүйелердің енгізілуі мемлекеттік қызметтердің барынша ашық болуын қамтамасыз етеді. Электрондық үкімет платформалары, атап айтқанда eGov.kz, e-лицензиялау, АХАТ (азаматтық хал актілерін тіркеу) жүйелері азаматтарға өз құқықтарын қорғау мақсатында қажет ақпарат пен құралдарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жүйелердің артықшылықтары келесідей:
Себебі, электрондық үкімет порталы арқылы қызмет көрсету барысында кездесетін құқық бұзушылықтарды сол жүйеден шықпай-ақ тіркеуге мүмкіндік береді. Мысалы, азамат eGov.kz порталындағы арнайы бөлім арқылы шағым немесе өтініш қалдырып, мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі кемшіліктер мен құқық бұзушылықтарды хабарлай алады. Бұл шағымдар мемлекеттік органдар тарапынан қаралып, азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру үшін қажетті шаралар қабылданады. Сонымен қатар, азаматтың шағымын қарау нәтижелері де ашық түрде жарияланады.
Сонымен қатар, Агенттікпен қазіргі уақытта қызмет беруші мекемелердің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік берілуі арқылы қызмет алушылардың құқықтарының бұзылмауына қашықтықтан бақылау жүргізуге қол жеткізіп отыр. Ол арқылы қызмет алушылардың шағымын күтпестен орын алған заңбұзушылықтарға жылдам ден қоюға, талдау жүргізіп, уақытылы қажетті шараларды жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар қорғаудағы ақпараттық жүйелердің келесі маңызды рөлдерінің бірі – мемлекеттік органдардың қызмет көрсету процесінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру, артық құжаттар талап ету, мерзімнің кешіктірілуі сияқты әкімшілік кедергілердің алдын алуға көмектеседі. Осылайша, азаматтар өздерінің құқықтарының бұзылмауын қадағалап, құжаттар мен өтініштердің қаралу барысын бақылап отырады.
Қорыта келе, ақпараттық жүйелер Қазақстан Республикасында қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіруде маңызды құрал болып табылады. Олар мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатып, ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Азаматтар өз құқықтарын қорғауға бағытталған заманауи ақпараттық жүйелер арқылы өз мәселелерін тезірек және тиімдірек шешуге мүмкіндік алады. Алдағы уақытта Агенттікпен ақпараттық жүйелерді жетілдіру және қызмет көрсету сапасын жақсарту бағытында жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
А. Сахариеваның мақаласы
Куәліктің көшірмесін қалай алуға болады
Азаматтың туу фактісін растайтын туу туралы куәлік маңызды құжаттардың бірі болып табылады және оны әр адам өмір бойы мұқият сақтау керек. Кейде көп құжаттардың арасында куәлік табылмайтын жағдайлар кездесіп жатады. Сондықтан, жоғалған туу туралы куәлікті қалай қалпына келтіруге болатындығын білу маңызды.
Заңнамада жоғалған құжаттарды қайта алу тәртібі қарастырылған. Азаматтық хал актілері саласындағы заңнамаға сәйкес куәліктің көшірмесін мына адамдар ала алады: кәмелетке толған азаматтар өздері үшін; заңды түрде кәмелетке толмаған азаматтың мүдделерін білдіретін адамдар; қайтыс болған адамның жақын туыстары; ата-аналар немесе қамқоршылар; сенімді тұлға; мемлекеттік органдардың ресми өкілдері.
Басқа тұлғалар, сондай-ақ өз баласына деген ата-ана құқығынан айырылған ата-аналар қайталама туу туралы куәлікті ала алмайды.
Көбінесе куәлік қайтыс болған адамның туыстарына мұра алу үшін қажет. Себебі, өзге құжатта (паспортта немесе жеке куәлікте) туыстық қатынастар туралы ақпарат көрсетілмейді. Адамның туылғанын растайтын құжатты жоғалту немесе оның бүлінуі осы құжаттың көшірмесін алу үшін қалпына келтіруге негіз болып табылады. Егер құжат бүлінсе және одан белгілі бір мәліметтерді оқу мүмкін болмаса (мөрі оқылмайтын болса), оны ауыстыру қажет. Бұл жағдайда ХҚКО қызметкерлеріне бүлінген құжатты ұсыну керек.
Жоғалтқан үшін айыппұл төлеу заңда қарастырылмаған. Алайда,
кез-келген жағдайда, құжатты қалпына келтіргенде мемлекеттік қызмет көрсетілгені үшін мемлекеттік баж төлеу керек (1 АЕК мөлшерінде).
Қайда барып қалпына келтіруге болады? Қайталама куәлікке бірнеше жолмен тапсырыс беруге болады.
Олар:
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы;
2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады;
3) Шетелден қайталама куәліктерді немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды сұратқанда көрсетілетін қызметті берушіге АХАТ органдарына жүгіну қажет.
- Азаматтық хал актісін Қазақстан Республикасының аумағында тіркеу кезінде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру - 3 (үш) жұмыс күні;
- АХАЖ АЖ-нде актілік жазба болмаған жағдайда, қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытқа, қызметті алушыға 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде хабарлана отырып, ұзартылады;
- Портал арқылы жіберген кезде - өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама жеке кабинетке 1 (бір) жұмыс күні ішінде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтарына ыңғайлы болу үшін азаматтық хал актілерінің барлық түрлерін тіркеу бойынша, оларға өзгерістер, түзетулер мен толықтырулар енгізу, актілерді қалпына келтіру және жою, қайталама куәліктер мен анықтамаларды алу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер экстерриториялық принципімен көрсетіледі. Бұл дегеніміз, құжаттар (туу туралы куәлік, қайтыс болу туралы куәлік, неке қию туралы куәлік, неке бұзу туралы куәлік, тегін, атын, әкесінің атын ауыстыру туралы куәлік) жоғалған жағдайда азамат Қазақстан Республикасының аумағында, тұрғылықты жеріне, туылған жеріне немесе актілік жазбаның орналасқан жеріне қарамастан, ХҚКО-ның кез-келген бөлімшелесіне жүгініп, қайталама куәлік (анықтама) ала алады.
Сонымен қатар, қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Қарағанды қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 39 мекенжайы бойынша немесе «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жүгінуге болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
ҚЫЗМЕТ АЛУШЫНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАПЫНА КЕЛТІРІЛДІ
Көрсетілетін қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру
және заңбұзушылықтарды жою мақсатында жүргізілген жоспардан тыс тексерулер нәтижесінде айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілді.
Мәселен, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша берілген бас тартумен келіспейтіндігі туралы қызмет алушы шағым білдірді.
Департаментпен жүргізілген бақылау шарасының нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізсіз екендігі анықталып, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Құрметті қызмет алушы, егер Сіздің құқығыңызды бұзу фактісі орын алса Департаментке келесі мекен-жай бойынша жүгінуге болады: Қарағанды қ., Нұрсұлтан Назарбаев даңғ., 39. Байланыс нөмерлері 8 (7212) 50-40-66,
8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі азаматтарға Стоп-кредит (Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту) қызметін қосу мүмкіндігі туралы еске салады.
Енді қызмет «eGov mobile» мобильді қосымшасында және «Электрондық үкімет» веб-порталының басты бетте қолжетімді. Қызметті ЭЦҚ арқылы немесе логин мен парольді қолдану арқылы қосылуға болады. Ол үшін сайттың басты бетінде «Сервистер» бөліміне өтіп, «Банктік несиелерді, микрокредиттерді алудан ерікті бас тарту» опциясын таңдау қажет.
Қызмет шексіз мерзімге іске қосылады және азаматтың өтініші бойынша өшірілуі мүмкін.
Министрлік киберқауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын еске салады және ұсыныстарды орындауға шақырды:
Осы нұсқауларды орындау деректеріңізді қорғауға және қаржылық тәуекелдерді болдырмауға көмектеседі.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
«Қашықтықтан бақылау қызметтердің көрсетілу мерзімдерінің бұзылуын алдын алу құралы»
Бүгінгі таңда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жүргізуде.
Аталған мониторингтің мақсаттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу фактілерін анықтау болып табылады.
Мәселен, қашықтықтан мониторинг барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Осакаров аудандық аумақтық инспекциясы
(бұдан әрі - Инспекция) «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге карантинге жатқызылған өнімді әкетуге фитосанитариялық сертификат беру» мемлекеттік қызметі бойынша мерзім бұзушылық фактісі анықталды.
Бұл ретте, заңдылықты бұзғаны үшін лауазымды тұлғаға «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 465-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Осы бағыттағы жұмыс мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды арттыру, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында жалғастырылатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
«EGOVKZBOT2.0» TELEGRAM БОТ-ПЛАТФОРМАСЫ – ҚҰҚЫҚТЫРДЫ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУДІҢ ТЕТІГІ РЕТІНДЕ
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғауға және қалпына келтіруге баса назар аудару болып табылады.
Департаментпен қызмет алушылардың бұзылған құқықтарына жылдам әрекет ету мақсатында «EgovKzBot2.0» Telegram бот ашылып, қызмет алушылар тарапынан туындап отырған мәселелеріне тез арада ден қойылып отыр.
Бүгінгі күнде аталған ботқа 56 мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының заңбұзушылықтар бойынша шағымы түсті.
Бұл ретте, заңбұзушылықтардың басым бөлігі мүлікке заңды құқықтарын тіркеу, құжат рәсімдеу, жер беру, сәулет және қала құрылысы қызметтері аясында орын алып отыр.
Егер мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу кезінде қандай да бір мәселелер орын алса (мысалы, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде артық құжаттар талап етсе, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзса немесе негізсіз бас тарқтан болса және т.б.) Сіз «EgovKzBot2.0» Telegram ботына өту арқылы шағымдарыңызға жауап ала аласыз.