Абай аудандық мәслихаттың
28 сессиясының «2025-2027
жылдарға арналған аудандық
маңызы бар қаланың, ауылдардың,
кенттердің, ауылдық округтердің
бюджеттері туралы» шешімін іске
асыру туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Абай аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 20 желтоқсандағы 28 сессиясының № 28/270 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне сәйкес, Қарағанды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
2025-2027 жылдарға оның ішінде 2025 жылға арналған Қарағанды ауылдық округі бюджеті, келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 99 965 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 11 818 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер –50 мың тенге;
трансферттер түсімдері – 88 097 мың теңге;
2) шығындар – 99 965 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредит беру – 0 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, сонымен қатар:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттардың пайдаланылған қалдықтары – 0 мың теңге.