Меню

Страницы

Статья

Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер  басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы

              

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.

Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам астам өтініш келіп түскен.

Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.

Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.

Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.

Атап айтқанда,  қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.

Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының  құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.

Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.

Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.

Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы  қорғай аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері:
8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі. 

Дата публикации
05 марта 2024
Дата обновления
05 марта 2024
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Мақалалар
18 сентября 2026
Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы үлгілік ережені бекіту туралы
18 сентября 2026
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы 28 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министірлігінде 2020 жылы 29 қаңтарда № 19941 болып тіркелді.
18 сентября 2026
«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы