2025 жылғы Есенгелді ауылдық округі жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп.

Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің
мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы есебі

Есенгелді ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. 2025 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3:

  1. Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен не бөліп төлеу арқылы сату.
  2. Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту.
  3. Мемлекеттік меншіктегі, аукцион (сауда-саттық) өткізуді талап етпейтін жер учаскелеріне құқықтарды алу – дәлелді бас тарту.

Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді, онда округ тұрғындары «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызметтер ала алады. 2026 жылы 72 тұрғын жүгініп, 72 қызмет алды.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.

Әкім аппараты ғимаратында орналасқан стендте тұрғындар ала алатын мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша ережелер ілінген. Тұрғындарға консультациялар жүргізіліп, практикалық көмек көрсетіледі.
«Цифрлық құжаттар әрқашан қолыңызда» атты мемлекеттік қызметтер бойынша баннер ілінген.

2025 жылы 6 дөңгелек үстел өткізілді, тақырыптары:

  1. Колледж дипломдары мен мектеп аттестаттарын цифрландыру.
  2. «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша есептелген қаражат туралы мәліметтерді қалай тексеруге болады.
  3. Жүргізуші куәлігін eGov Mobile арқылы ауыстыру.
  4. eGov Mobile қосымшасында жеке деректердің таралуын тексеру сервисінің пайда болуы.
  5. Талапкерлердің білім беру гранттарына өтінім беруі (eGov.kz порталы арқылы).
  6. Емханаға тіркелуді eGov.kz және eGov Mobile арқылы онлайн рәсімдеу.

2025 жылдың сәуір айында бас маман Қарағанды қаласында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында «Адамдар ең алдымен: мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Дата публикации
29 апреля 2026