Департаментке қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет алу барысында бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша шағым түсті.
Шағымда қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының Халыққа қызмет көрсету бөліміне «Тууды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулеренгізу» қызметіналуүшінжүгінген.
Алайда, қызмет алушы туу туралы куәлікте өрескел қателіктердің жіберілгенін байқап, мемлекеттік қызметтің сапасына қатысты Департаментке шағым білдірді.
Департаментпен аталған шағым негізінде тексеріс шаралары жүргізіліп, өрескел бұзушылықтардың орын алғаны анықталды.
Сонымен қатар, аталған құжатта тіркеу бөлімі басшысының қолы қойылмаған.
Тексеріс шараларының қорытындысы бойынша ХҚКО басшысының атына орын алған бұзушылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау жөнінде хат жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Департамент азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ете отырып, көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылауды және туындаған мәселелерге жеделден қою бойынша жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп отыр.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті
Хабарландыру
Құрметті Қарағанды қаласының және Қарағанды облысының тұрғындары!
«Агломерацияларды дамыту туралы» 2023 жылғы 1 қаңтардағы № 181-VII ҚРЗ Заңына сәйкес бірқатар нормативтік-құқықтық актілер қабылданды: «Агломерациялардың тізбесі мен құрамын бекіту туралы» Үкіметтің 2023 жылғы 19 маусымдағы қаулысы, Мемлекеттік органдардың құзыретін, барлық деңгейдегі жұмысты регламенттейтін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрықтары.
Қарағанды агломерациясы екінші деңгейдегі агломерациялардың республикалық тізбесіне енгізілді.
Қарағанды агломерациясының құрамына: Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Теміртау қалалары және Абай, Бұқар жырау және Осакаров аудандарының 28 елді мекені (Ақтау, Ақтас, Шахан, Долинка, Новодолинский, Қарабас, Топар, Құрма, Жұмабек, Дубовка, Көкпекті, Байқадам, Сарытөбе, Үштөбе, Сарыарқа, Құрылыс, Сокурское, Новостройка, Тоғызқұдық, Тасшоқы, Қарақұдық, Доскей, Трудовое, Новоузенка, Стан, Севан, Петровка, Қаратомар) кіреді.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ғылыми-талдамалық зерттеуін және салалық басқармалардың, қалалар мен аудандар әкімдіктерінің, «Сарыарқа» АЭА, «Qarmet» АҚ ұсыныстарын ескере отырып, Қарағанды агломерациясын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасы әзірленді.
Кешенді жоспар жобасымен Қарағанды облысының экономика басқармасының сайтында келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-economy/documents/details/672385?lang=ru.
Қазіргі таңда Кешенді жоспарға енгізу үшін жеке және заңды тұлғалардан ұсыныстар қабылдануда. Ұсыныстарды Қарағанды облысының экономика басқармасы қолма-қол не электрондық мекенжай бойынша жинайды: 5075502@krg.gov.kz.
Ұсыныстарды қабылдау мерзімі: 2024 жылғы 16 маусымға дейін.
Ұсыныстар экономиканы дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін (азық-түлік белдеуі, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс индустриясы, рекреация, логистика және т.б.), сондай-ақ ұсынылған қаржыландыру көздерін, іс-шараларды іске асыру мерзімдерін көрсете отырып, инженерлік-көліктік және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымды қоса бере отырып, қысқаша тұжырымдалуы тиіс.
Толығырақ ақпаратты келесі телефондар арқылы алуға болады: (8-7212) 50-35-85, 50-35-86.
Белсенді қатысқаныңыз үшін рақмет!
Қарағанды қаласының тұрғыны жер учаскесін жалдау шартын ұзарту
кезінде жергілікті атқарушы органның тарапынан бірталай қиындықтарға тап
болған.
Әкімдіктен нақты түсініктеме алмаған қала тұрғыны Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы
бойынша департаментіне шағымдану арқылы өз құқығын қорғауға шешім
қабылдаған.
Өз кезегінде, Департаментпен жүргізілген тексеру қорытындысы
бойынша жалға алушы шарттық міндеттемелерді бұзбағандығы, сонымен
қоса, әкімдікпен берілген бас тартудың заңды негіздері жоқ екендігі
анықталып, бұзушылықтарды жою және жалға алушының құқықтарын
қалпына келтіру туралы ұйғарым енгізілді. Бұл шешім Қарағанды тұрғынына
жер учаскесін заңды негізде пайдалануға мүмкіндік берді.
Көрсетілген жағдай азаматтық құқықтарды қорғаудың маңыздылығын
және мемлекеттік органдардың халыққа қызмет көрсетуде іс-әрекеттерінің
ашықтығын қамтамассыз ету қажеттілігін көрсетеді.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет алу барысында әкімшілік
кедергілер (мерзімін бұзу, артық құжаттар талап ету, төрешілдік пен сөзбұйдалық
көріністеріне жол беру т.б.) кездескен жағдайда ұсыныстарынызды
Департаментке Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39 мекен-жайы бойынша
немесе Е-Өтініш платформасы арқылы бере аласыздар.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаментіне Шахтинск қаласының тұрғыны Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясымен жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартуына қатысты шағымданған болатын.
Тексеру қорытындысы бойынша Департаментпен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықты мемлекеттік тіркеуден негізсіз бас тартқаны анықталды.
Сәйкесінше Департаменттің тікелей араласуымен шағым иесінің жылжымайтын мүлігіне құқықтарды тіркеліп, қызмет алушының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Өз кезегінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуде заңдылықты бұзуға жол берген Мемлекеттік корпорацияның бөлім басшысы мен бас маманы тәртіптік жауапкершіліктерге тартылды.
Қызмет алушылардың бұзылған құқықтар мен заңды мүдделерін қалпына келтіру мәселесі Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ерекше бақылауында.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы
А. Абдикаримовтың мақаласы
Қызмет алушылардың құқығы бірінші орында
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің негізгі функцияларының бірі мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылау және қадағалау, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер заңнама талаптарының бұзылуына жол бермеу және қызмет алушылардың бұзылған құқығын қалпына келтіру болып табылады.
Бұл бағытта Агенттікпен және аумақтық департаменттерімен былтырғы жылы жүзден астам қызмет алушылардың бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Соның ішінде, Қарағанды облысының Приозерск қаласының тұрғынының бұзылған құқығы қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне қызмет алушы Приозерск қаласының тұрғыны тұрғын үйді жекешелендіру қызметі бойынша бұзылған құқықтарын көрсете отырып шағым білдірді. Шағымды қарау барысында қызмет көрсетушімен мемлекеттік қызмет көрсету қағида талаптарының бұзылғандығы, яғни қызмет алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі келісім шарт уақытылы ұсынылмағандығы анықталды.
Департамент қызметкерлерінің араласуымен қызмет алушыға мемлекеттік қызмет нәтижесін алуға қол жеткізіліп, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Басқа бір жағдай бойынша, қызмет алушы мүгедек баланы асыраушысы бола тұра, құжат рәсімдеуде заңмен қарастырылған жеңілдікті пайдалана алмаған.
Аталған факт бойынша Департамент қызметкерлері тексеріс жүргізіп, нәтижесінде мемлекеттік қызмет көрсету ақпараттық жүйенің жетілдірілмегендігінен қызмет алушыдан мемлекеттік баж төлеу міндеттелгендігі анықталды. Бұл бойынша Департаментпен орталық мемлекеттік мекемелерге тиісті хаттар жолданып, қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Яғни, қызмет алушы заңнамада көзделген жеңілдікпен құжат рәсімдеуге қол жеткізді.
Жоғарыда аталған ақпараттық жүйедегі кемшілік республика көлемінде орын алып отырғандықтан, Департаментпен уәкілетті мемлекеттік мекемелерге ақпараттық жүйені жетілдіру қажеттілігі туралы хаттар жолданды.
Егерде мемлекеттік қызмет алу кезінде осыған ұқсас құқықтарыңыз бұзылған болса Сіз де мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне жүгіну арқылы өз құқықтарыңызды қорғай аласыз.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша Департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының бас маманы
С. Амангельдинованың мақаласы
Қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттері мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган болып табылады.
Былтырғы жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне (бұдан әрі – Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты қызмет алушылардан 60-тан астам астам өтініш келіп түскен.
Олардың басым көпшілігі жер қатынастары, тұрғын үй және әлеуметтік салаларға қатысты түскен болатын.
Кез келген шағымды Департамент қызметкерлері толық зерделеп, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін заңмен көзделген бақылау шараларын жүргізеді.
Мысалға, Департаментке «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» РММ-мен «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша қабылдаған шешімімен келіспеу жөнінде қызмет алушының өтініші түсті.
Атап айтқанда, қызмет алушыға қатысты қайта куәландыру жүргізудің нәтижесінде сараптамалық шешіммен оған «жалпы ауру» себебінен екінші топ мүгедектігі, еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі 1 жыл мерзімге белгіленген.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Президенті
Қасым-Жомарт Тоқаевпен халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен заңды мүдделерінің кепілдіктерін қамтамасыз ету жөнінде бірқатар тапсырмалар берген болатын.
Бұл орайда, Департаменттің тікелей араласуымен шағымдану бойынша тексеру жүргізу барысында Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі мамандарының және шақырылған сарапшылардың пікірлерін ескере отырып, қызмет алушыға мүгедектіктің мерзімін «қайта куәландыру мерзімінсіз» белгілеу туралы шешім қабылданды.
Яғни, қызмет алушының құқығының қалпына келтірілуі қамтамасыз етілді.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңнама талаптарының сақталмағанына куә болсаңыз, яғни мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі бұзылса, мемлекеттік қызмет көрсетуден негізсіз бас тартылса, артық құжаттар талап ету фактісі болса немесе қызмет көрсету талабы бұзылса, Сіз құқығыңызды Департаментке шағымдану арқылы қорғай аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Қарағанды қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 39. Байланыс нөмерлері:
8 (7212) 50-40-66, 8 (7212) 50-33-83 кеңсе нөмірі.
«БЖЗҚ» АҚ 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген бірқатар негізгі жаңашылдықтардың күшіне енгенін хабарлайды:
01.01.2024 ж. бастап Мемлекет басшысы бастамашылық еткен "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру басталды. Оның шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық кәмелетке толмаған азаматтарына (нысаналы талаптарға қатысушыларға) жыл сайын есепті жылдың алдындағы он сегіз жылдағы орташа алынған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі – Ұлттық қор) инвестициялық табысының 50% есептелетін болады), сондай-ақ, жыл сайын осы сомаға инвестициялық кіріс есептеледі.
Осылайша, 2024 жылдың қаңтар айында БЖЗҚ 2023 жылдың 31 желтоқсанының соңындағы жағдай бойынша "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алынған мәліметтер негізінде нысаналы талаптарға қатысушылардың электрондық тізімін жасайды.
Осы тізім және ҚР ҰБ-дан Ұлттық қор кірісінің 50% сомасы туралы алынған ақпарат негізінде БЖЗҚ бір балаға арналған 2023 есепті жылдағы нысаналы талаптардың сомасын есептейді және оны өзінің ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Нысаналы талаптарға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу 01.02.2024ж. кешіктірілмей жүзеге асырылады. Оларды төмендегі тәсілдер арқылы тексеруге болады:
заңды өкілдерге "электрондық үкімет" веб-порталындағы Жеке кабинетінде (www.egov.kz);
БЖЗҚ-ның интернет желісінен (www.enpf.kz).
Бұған қоса, БЖЗҚ-ның enpf.kz интернет-ресурсында статистикалық ақпарат тұрақты түрде орналастырылады. Атап айтсақ:
1) нысаналы талаптарға қатысушылар мен нысаналы жинақтарды алушылардың жасы, жынысы, тұратын өңірлері бөлінісі бойынша саны туралы есеп;
2) нысаналы жинақтарды уәкілетті операторлар, өңірлер және қосалқы мақсаттар бөлінісінде тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында пайдалану жөніндегі есепті қамтиды.
Бағдарламаға қатысушыларға нысаналы талаптарды есептеу олар 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын жүргізілетін болады. Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтарды есепке алу АҚШ долларымен жүзеге асырылады.
18 жасқа толған кезде нысаналы жинақтарды алушы жинақталған соманы тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында ғана пайдалануға құқылы.
Нысаналы жинақтарды алу үшін нысаналы жинақтарды алушы не оның заңды өкілі БЖЗҚ-мен өзара іс-қимыл туралы келісім жасасқан уәкілетті операторлардың біріне (ЕДБ және "Қазпошта" АҚ) жүгініп, уәкілетті операторда АҚШ долларымен банк шотын ашуы керек. Нысаналы жинақтар төлемін пайдалану мақсатын (тұрғын үй жағдайларын жақсарту немесе білім алуға ақы төлеу) көрсете отырып, нысаналы жинақтар төлеміне өтініш беруі (уәкілетті оператордың интернет ресурсы арқылы) қажет.
Қазақстан Республикасының азаматтығынан 18 жасқа толғанға дейін де, 18 жастан кейін де шыққан немесе Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған адамдар нысаналы жинақтарды пайдалану құқығынан айырылады.
Жеке тұлға қайтыс болған жағдайда, нысаналы жинақтар Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады.
2) Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарының енгізілу
01.01.2024 жылдан бастап қолданыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесі жаңа шартты-жинақтаушы құрамдауыш - жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарымен (ЖМЗЖ) толықтырылды.
ЖМЗЖ мөлшері қызметкердің ай сайынғы табысына байланысты және жұмыс берушінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын болады. Жұмыс берушіге түсетін жүктеменің теңгерімді болуы мақсатында ЖМЗЖ жарнаны кезең-кезеңімен ұлғайта отырып аударылатын болады:
ЖМЗЖ-ны біртіндеп енгізу, сондай-ақ, оны салық салынатын табыстан шегеру жұмыс берушіге түсетін жүктемені жеңілдету үшін қарастырылған. Сонымен қатар, заңнамаға сәйкес, ЖМЗЖ барлық жұмысшылар үшін емес, тек 1975 жылы және одан кейін туылғандар үшін төленуі керек.
2024 жылдан бастап ЖМЗЖ енгізу қызметкер зейнетке шыққаннан кейін оның зейнетақымен қамсыздандырылу деңгейін арттыруға ықпал ететін болады.
3) Зиянды өндірістерде жұмыс істейтін қызметкерлерге арнайы әлеуметтік төлемдер
Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар 55 жасқа толған және олар үшін жиынтығында кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ) төленген кезде:
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
2) зейнетке шығу алдындағы аннуитеттік сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемі;
3) жұмыс берушінің қаражаты есебінен кәсіптік төлем;
4) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
Арнаулы әлеуметтік төлемдерге құқық қызметкер зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда еңбек қызметін тоқтатқан немесе зиянды өндірістік факторлардың әсерін болдырмайтын басқа жұмысқа ауысқан жағдайда туындайды;
1) арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы;
2) БЖЗҚ-дан МКЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы төлемі.
4) Зейнетақы жинақтарын өмірді сақтандыру компаниясына аударуды оңтайландыру
Сақтанушының қалауы бойынша зейнетақы аннуитеті шарты (бұдан әрі - ЗАШ) сақтандырушыға жазбаша өтініш жасау не сақтандырушының интернет-ресурсын немесе сақтандыру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйым (бұдан әрі - БСДҚ) – "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ-ның (бұдан әрі - МКБ) қатысуымен құрылған интернет-ресурсты пайдалана отырып сақтанушы мен сақтандырушы арасында ақпарат алмасу жолымен жасалуы мүмкін.
Сайлау комиссиялары құрамының жаңаруына байланысты 24 қаңтарда Құрма ауылдық округінде 443 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелерімен көшпелі семинар-кеңес өтті . Семинар барысында сайлау өткізу рәсімінің негізгі мәселелері зерделенді, өйткені ағымдағы жылдың 18 ақпанында құрма округі әкімінің сайлауы өтеді