Қарағанды облысы Абай ауданы "Дубовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

Қарағанды облысы Абай ауданы "Дубовка ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ 2025 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы есеп

 Есеппен «Дубовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 2025ж.01.01.-31.12. белсенділік кезеңі қамтылған.

  Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ  бұйырығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіміне сәйкес «Дубовка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 6 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:

(1. «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі; 2.  «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» мемлекеттік қызметі; 3. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі; 4. «Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеу не бөліп төлеу арқылы сату» мемлекеттік қызметі; 5. «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» мемлекеттік қызметі; 6. "Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту" мемлекеттік қызметі) 

Есептік кезеңде барлығы 58 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.

  • «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу» - 37;
  • «Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту» - 4;
  • «Кент, ауыл жерлерінен жер учаскелерін беру» - 15;
  • «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 2

Ауылдық округ әкімі аппаратының ғимаратында «Өзіне өзі қызмет көрсету бұрышы» орнатылған, тұрақты қызмет атқаруда. 

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аясында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу фактілерін анықтау ақпараты жоқ.

           Есепті кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру бойынша мынадай түсіндіру іс-шаралары жүргізілген: азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышына келу барысында ЭЦҚ алу және пайдалану бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ ХҚКО бармай ЭЦҚ-мен түрлі мемлекеттік және ұялы қосымшасы арқылы өзге де қызметтерді алу тәсілдері түсіндіріледі, сонымен қатар парақшалар таратылды. Сондай-ақ облыстық автожол бойында банер орнатылған. Есептік кезеңде 80 адам қамталған.

 

Дата публикации
24 февраля 2026