GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Қызметі
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Все материалы
Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
01 октября 2025
«Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемқызметін алу бойынша жадынама

Мемқызметті алуға арналған сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/532pass_mir

 

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
01 октября 2025
«Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекіту» мемқызметін алу бойынша жадынама

Мемқызметті алуға арналған сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/pass613_msh

Мемлекеттік қызметтер бойынша ақпарат
01 октября 2025
«Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу» мемқызметін алу бойынша жадынама

Мемқызметті алуға арналған сілтеме: https://egov.kz/cms/kk/services/pass02_mtszn

04 апреля 2025
«Таза Қазақстан»: Қарағанды облысы қыстан кейін ретке келтірілуде

Қарағанды облысында абаттандыру және санитарлық тазарту бойынша екі айлық жарияланды. Аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекпаев барлық тұрғындарды аулалары мен көшелерін тазарту үшін осы жұмысқа қатысуға шақырды.

– Қыстан кейін көшелерді тазалаумен айналысу керек. Аумақтарды абаттандыру және санитарлық тазалау бойынша екі айлық жариялаймын. Қалалар мен аудандардың барлық әкімдері өз елді мекендерін тазалау және тазалау бойынша іс-шаралар ұйымдастыруы тиіс. Бұл жұмысқа тұрғындарды, еріктілер мен бизнес өкілдерін тартыңыздар – әркім өз аумақтарында тазалықты сақтауға үлес қосуы тиіс, – деді Ермағанбет Бөлекпаев аппараттық кеңесте.

Ол «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасатынын және бұл жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Облыс әкімі қалалар мен аудандарды аралап, жергілікті жерлерде тәртіп қалай орнатылып жатқанын жеке өзі тексеретін болады.

Қарағанды облысының әкімдігі

19 марта 2025
Қарағанды облысында су тасқынына қарсы іс қимыл жөніндегі жедел штаб өз жұмысын бастады
19 марта 2025
Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында

Таяу күндері Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың ел тізгінін қолына алғанына алты жыл толады. Осы уақыт ішінде Қазақстан коронавирус пандемиясынан бастап жаһандық геосаяси шиеленістерге дейінгі көптеген сын-қатерге қарамастан, экономикалық дамуда елеулі нәтижелерге жетті.

2024 жылдың соңында ЖІӨ 288 миллиард долларды құрады. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 14 мың доллардан асты. Қазақстан табысы жоғары елдер тобына едәуір жақындады.

Мемлекет басшысы мұнайдан тыс салаларды дамытуға басымдық бере отырып, экономиканы әртараптандыруды кезек күттірмейтін маңызды міндет ретінде айқындады. Аталған жұмыстың нақты нәтижесін қазірдің өзінде көріп отырмыз – шикізаттық емес салалар экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналуда. 2019-2024 жылдар аралығында өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 31,4%-ға, құрылыста 96,3%-ға өсті. Жалпы өнеркәсіп құрылымында өңдеуші кәсіпорындар өз үлесі бойынша өндіруші сектормен теңесті.

Тек 2024 жылдың өзінде өңдеу өнеркәсібінде жалпы құны 1,3 триллион теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде, аталған секторда соңғы онжылдықтағы ең жоғары көрсеткішке – шамамен 6% өсімге қол жеткізілді. Алты жыл ішінде машина жасау секторындағы өндіріс үш есе өссе, өнеркәсіптік өндірістің жылдық орташа өсімі 20,3%-ды құрады.

Нақты сандарда, 2018 жылы 30 мың бірлікті құраған жеңіл автомобильдердің саны 134 мың бірлікке дейін жетті. Сол сияқты жүк автомобильдері бойынша да алты еседен астам – 7,1 мың бірлікке дейін, автобустар бойынша жеті есеге, яғни 2,9 мың бірлікке дейін, арнайы техника шығару шамамен үш есеге, яғни 711 бірлікке дейін өсім тіркелді.

Президент тапсырмасы бойынша мұнай-газ химиясын қарқынды дамыту қолға алынды. Еліміз шикізатты экспорттаудан оны терең өңдеуге біртіндеп бет бұруда. Полимерлер, композиттік материалдар, химиялық реагенттер өндіріліп жатыр. Мұның барлығы – әртүрлі салаларда сұранысқа ие қосылған құны жоғары өнімдер. Ірі жобалардың бірі – Атырау облысында іске қосылған KPI зауыты бүгінде полипропилен өндірісін жолға қойды. Зауыт өзінің қуаттылығы жағынан Орталық Азиядағы осындай өндіріс орындарының ішіндегі ең ірі кәсіпорын саналады.

Астықтың былтырғы рекордтық өнімі ауыл еңбеккерлерін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін көрсетеді. Алты жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға 2,5 триллион теңге бөлінді, бұл ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің 1,8 есеге, яғни 8,3 триллион теңгеге дейін өсуіне ықпал етті. Ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылған бір адамға шаққанда еңбек өнімділігі бес жыл ішінде екі есе өсіп, 4,2 миллион теңгеге жетті. Ал, азық-түлік өндірісінің көлемі 2,1 есе ұлғайды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау – Мемлекет басшысы басымдық берген негізгі бағыттың бірі. Мемлекеттік сатып алуда машина жасау, металлургия, құрылыс, жеңіл және химия өнеркәсібі, сондай-ақ азық-түлік тауарлары бойынша тек қана қазақстандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесі едәуір кеңейтілді.

Осы орайда ұлттық даму институттары Қазақстан экономикасына салынатын инвестиция көлемін ұлғайта түсуде. Тек 2025 жылдың өзінде «Бәйтерек» холдингі арқылы 8 триллионтеңге инвестиция салынады, ал 2027 жылға қарай Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл сома 10 триллион теңгеге дейін ұлғайтылады.

Серпінді дамуға қажетті маңызды шарттардың бірі – шетелдік инвестициялар Қазақстан экономикасына тұрақты тартылуда. Мұны шетелдік кәсіпкерлер тарапынан көрсетіліп отырған еліміздің экономикалық әлеуетіне деген үлкен сенім мен жоғары рейтингтер растап отыр. Атап айтқанда, 2024 жылы Қазақстан Moody's агенттігінің «Тұрақты» болжамымен өз тарихындағы ең жоғары Baa1 рейтингіне ие болды. Халықаралық S&P, Fitch рейтинг агенттіктері де Қазақстанның несиелік рейтингін инвестициялық сенімділік деңгейінде растады.

Соңғы алты жыл ішінде экономикаға 130 миллиард доллар тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Шетелдік серіктестер өңдеу өнеркәсібі саласына көбірек инвестиция сала бастағанын атап өту маңызды. Оның көлемі 72,7 миллиард долларға жетті. БҰҰ Қазақстанды теңізге шыға алмайтын елдер арасында ірі ТШИ көлемін алушы ретінде екінші орынға шығарды.

Мемлекет басшысының белсенді дипломатиялық күш-жігерінің арқасында өзге елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық дамып келеді. Нәтижесінде, соңғы алты жылда сыртқы сауда айналымы бір жарым есеге, 94,8 миллиард доллардан 141,4 миллиард долларға дейін өссе, экспорт көлемі 61,1 миллиард доллардан 81,6 миллиард долларға жетті.

Экспорт құрылымында өңделген тауарлар үлесінің артуы атқарылған жұмыстың елеулі нәтижесі болды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олардың шетел нарықтарына экспорты 28,8 миллиард долларға жетті. Бұл 2018 жылғы көрсеткіштен шамамен екі есе жоғары. Машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, аспаптар мен құрылғылар экспортының үлесі 1,1%-дан 5,8%-ға дейін артты. Экспорт құрылымындағы шикізаттың үлесі де барған сайын азайып, 2018 жылғы 74,5%-дан 2024 жылы 63,5%-ға дейін төмендеді.

Президенттің басшылығымен еліміздің инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Ұзақ жылдар бойы жылу энергетикасы секторына тиісті көңіл бөлінбей келді: республика бойынша инфрақұрылымдық желілердің тозу деңгейі 65%-ға, ал жекелеген өңірлерде тіпті 90%-ға жетті. Қазір энергетика және коммуналдық салалардағы дағдарыстың ауыр кезеңін еңсере алдық. Егер 2019 жылы жылу көздерінің орташа тозу деңгейі 71%-ға жетсе, қазір оны 61%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік туды. Бұл жұмыс жалғасатын болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша былтыр 86 мың шақырым инженерлік желіні жаңғыртуды, сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуды көздейтін Ұлттық жоба іске асырыла бастады. Бұл технологиялық апаттар санын 20%-ға қысқартуға, еліміздегі энергетикалық және коммуналдық секторлардың тозу деңгейін орта есеппен 40%-ға азайтуға, генерацияны 7 ГВт-тан астам арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бағытта отандық өндірістің қуатын барынша тартуға маңыз берілетінін айта кетеу керек. ТКШ саласы үшін өнім шығаратын кәсіпорындардың әлеуетін толық пайдалану жоспарланып отыр. Қазақстандық компаниялардың жоспарланған өнім көлемі шамамен 3,5 триллион теңгені құрайды.

2019 жылдан бері электр энергиясын тұтыну 14%-ға өсіп, шамамен 120 миллиард кВт/сағ құрады. Халық санының өсуін, сондай-ақ жүргізіліп жатқан индустриялық даму және цифрландыру саясатын ескере отырып, энергия тұтыну одан әрі арта түседі деп болжанып отыр. Осыған орай Президент тапсырмасы бойынша ядролық энергетиканы дамыту қолға алынды. Бірінші АЭС құрылысының ауданы анықталды. Тағы екі станция салу үшін құрылыс орындарын анықтау жұмыстары басталды.

Сондай-ақ құрылыс индустриясы да рекордтық өсу қарқынын көрсетіп отыр. 2024 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 2018 жылмен салыстырғанда 6,4 миллион шаршы метрге немесе 51,4%-ға артып, 19 миллион шаршы метрге жетті. 2019–2024 жылдар аралығында барлығы 97,8 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл қазақстандық ондаған мың отбасыға жылжымайтын мүлік сатып алуға және тұрмыс деңгейін жақсартуға ықпал етті.

Сонымен қатар жолдардың құрылысы мен оларды жөндеу жұмыстары Президенттің тұрақты бақылауында. Соңғы алты жылда республикалық маңызы бар 4,4 мың шақырым автожолдарды, оның ішінде Орталық – Шығыс, Орталық – Оңтүстік, Талдықорған – Өскемен, Ақтөбе – Атырау – Астрахан және басқа да күре жолдарды реконструкциялау аяқталды. 2024 жылы 12 мың шақырым көлік магистралі құрылыс-жөндеу жұмыстарымен қамтылды, оның 8 мың шақырымы – республикалық, ал қалған 4 мың шақырымы жергілікті жолдарға тиесілі. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Сондай-ақ кейінгі алты жылда 250-ге жуық жол бойындағы сервистік жаңа нысандар салынды. Жол бойында ұлттық стандартқа сай келетін қызмет көрсету нысандарының үлесі 52%-дан 90%-ға дейін ұлғайтылды.

Теміржол көлігі арқылы жүк тасымалдау көлемінің өсуімен қатар жолдарды жөндеу жұмыстарына деген қажеттілік те арта түсуде. Жыл сайынғы күрделі жөндеу көлемі 2019 жылмен салыстырғанда 2024 жылы 41%-ға өсті. Алты жыл ішінде барлығы 3 мың шақырым теміржолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Биыл Достық – Мойынты теміржол учаскесінің екінші желісінің құрылысы аяқталады, бұл өткізу қабілетін 12 жұп пойыздан 60 жұп пойызға дейін арттырады. Сондай-ақ Алматы бекетін  айналып өтетін теміржол желісі де Алматы торабының жүктемесін 40%-ға жеңілдетеді. 

Аталған жобаларды іске асыру Еуропа мен Қытай арасындағы жүк айналымын, сондай-ақ еліміздің экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

2019 жылдан бері теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 20%-ға өсті. Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша айтарлықтай өсім қалыптасып отыр. Көлік инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың есебінен ТХКБ арқылы транзиттік тасымал көлемі 2019 жылдан бері алты есеге (2024 жылы – 4,5 миллион тонна), қазақстандық өнім экспорты 12 есеге өсті. Мемлекет басшысы жариялаған Астана – Арқалық – Торғай – Ырғыз жаңа тас жолы аталған бағытқа тың серпін бермек.

Елімізді газдандыру жұмыстары жалғасуда. 2025 жылдың басында 12 миллионнан астам адам табиғи газға қол жеткізді. 2024 жылы 1,7 мың шақырымнан астам газ желілері салынды. Биыл елді мекендерді газдандыру бойынша тағы 45 жоба іске асырылуда, бұл газбен қамтылғандарды 12,4 миллион адамға дейін, ал газдандыру деңгейін 62%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Басым міндеттердің бірі – қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және сумен жабдықтау жүйесін жаңғырту. Соңғы жылдары ауқымды жұмыс атқарылды: егер 2019 жылы сумен жабдықтау қалаларда 97,2% және ауылдарда 86,4% болса, бүгінде бұл көрсеткіштер тиісінше 99,4% және 97,8%-ға жетті. 6 256 ауылдың ішінен 5 523 ауыл сумен қамтылды. Қалған 833 ауыл осы жылдың соңына дейін таза суға қол жеткізеді. Соның ішінде 238 елді мекенде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйелері салынады, 595 ауылдық елді мекенде кешенді блок-модульдер орнатылады.

Астанадағы ауызсу тапшылығы мәселелерін шешу үшін Президент тапсырмасы бойынша 2023 жылы қуаттылығы тәулігіне 105 мың м3 болатын №3 сорғы-сүзгі станциясының құрылысы аяқталды. Сондай-ақ Сәтбаев атындағы каналдан су құбырын тарту жұмыстары басталды. Бұл елорданы сумен қамтамасыз ету мәселесін ұзақ мерзімге шешуге мүмкіндік береді.

Инфрақұрылымды жаңарту, газбен жабдықтау және жол құрылысымен қатар адамдарды төтенше жағдайлардан қорғау да маңызды орын алады. Қайғылы оқиғалар тізбегі ТЖ қызметтерінің материалдық-техникалық жарақтандыру ісінің түйткілді мәселелерін ашып берді.

Президенттің тапсырмасы бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын шұғыл әрі тиімді жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи апаттық-құтқару техникалары, құрал-жабдық үлгілері сатып алынды. Соңғы алты жылда жабдықталу деңгейі 53%-дан 64%-ға дейін өсті және одан әрі өсе бермек.

Аталған шаралар төтенше жағдайларға қарсы дайындық деңгейін жақсартып қана қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қауіпсіздікті де арттыруға ықпал етеді. Халықты құлақтандыру жүйесі сияқты жаңа технологиялар қолданыла бастады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кешенді тәсілі ТЖ қызметтерін дамытуды ғана емес, сонымен қатар «Заң мен Тәртіп» қағидаты шеңберінде қылмысқа қарсы күрес және құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шараларды күшейтуді де қамтиды. 2019 жылдан бері қылмыс деңгейі 52%-ға, қоғамдық орындарда 60%-ға төмендеді.

Азаматтардың, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге басымдық берілуде. Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу туралы үнемі айтып келеді. Осы саясат шеңберінде отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдатуға бағытталған, ұрып-соғуды және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді қылмыстық жазаға жатқызуды көздейтін заң қабылданды. Ол бұрын тек әкімшілік нормалармен реттеліп келген болатын.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы жақында ғана өскелең ұрпақты қолдау шараларын жүйеге келтіруге және күшейтуге бағытталған «Қазақстан балалары» атты жаңа біртұтас бағдарламаны ұсынды.

Биылғы 14 наурызда өткен Ұлттық құрылтайда Президент біздің еліміз әлеуметтік мемлекет болып табылатынын тағы да атап өтті. Әрі бұл әлеуметтік көрсеткіштердің өсуі бойынша мемлекеттің нақты шараларынан көрініс тауып отыр.

Соңғы алты жылда ең төменгі жалақы мөлшері кезең-кезеңімен екі есе, яғни 42 500 теңгеден 85 000 теңгеге дейін ұлғайды. Бұл шамамен 2 миллион азаматтың әл-ауқатына оң әсер етті.

600 мыңға жуық педагогтың жалақысы екі есеге артты, үш жыл ішінде дәрігерлердің жалақысы жыл сайын 30%-ға, орта медициналық персоналдың жалақысы 20%-ға көтерілді, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы 38 мың қызметкердің жалақысы екі есеге ұлғайтылды. 

Көпбалалы отбасыларға олардың табысына қарамастан төленетін жәрдемақы енгізілді, бала күтімі бойынша төлемдер бір жылдан бір жарым жылға дейін ұзартылды. Зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер үшін арнайы төлем енгізілді.

2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Жалпы өлім-жітім 7,8%-ға, ана өлімі – 26,3%-ға, нәрестелердің шетінеп кету көрсеткіші – 15,8%-ға төмендеді. Бұған профилактиканың тиімділігін арттыру және скринингпен қамту деңгейін кеңейту ықпал етті.

2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша 955 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың ішінде Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық және Ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығы сияқты маңызды мекемелер бар.

Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 2021 жылдан бері 9 мыңнан астам сәби дүниеге келді.

Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға, әсіресе ауылдық жерлерді қажетті мамандармен қамтуға ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар.

Білім беру саласында атқарылып жатқан іс-шаралар мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын жоюға, білім сапасын жақсартуға, педагог мәртебесін көтеруге бағытталған. Соңғы алты жылда 1 367 балабақша ашылып, кезекте тұрғандардың санын 5 есеге қысқартуға қол жеткізілді. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары 100% тегін тамақпен қамтамасыз етілді.

2019 жылдан бері елімізде рекордтық көлемде – 1 200 мектеп салынып, 1 миллионға жуық оқушы орны ашылды.

Ауылдық жерлердегі 3 мыңнан астам мектеп жаңғыртылды. Бұл 32 апатты жағдайдағы және 71 үш ауысымды мектептің мәселесін, сондай-ақ еліміздегі 200 мектептегі орын тапшылығын шешуге мүмкіндік берді.

Биыл шамамен 200 мектептің құрылысы жалғасады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аудан орталықтары мен ауылдарда 1 мың мектепті жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл өте маңызды бағыт, өйткені еліміздегі орта мектептердің 2/3 бөлігі ауылдық жерлерде орналасқан.

Президент жариялаған «Жұмысшы мамандықтары жылы» техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге тың серпін берді. Жаңа экономика үшін білікті әрі сұранысқа ие кадрларды даярлау мақсатында колледждер мен өнеркәсіптік кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастық нығайтылуда. Қазіргі уақытта 498 компания 410 білім беру мекемесін қамқорлыққа алды, «Жас маман» жобасы аясында 180 колледж жаңғыртылды. Колледж студенттерінің стипендиясы 50%-ға ұлғайтылды. ЖОО студенттеріне арналған 62 мың орындық 251 жатақхана пайдалануға берілді.

Ғылыми кадрларды қолдау да ерекше маңызға ие, әсіресе соңғы алты жылда ғылымдағы жастардың үлесі алты есе өсіп, 46%-ды құрағанын ескерсек, бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін байқауға болады. Ол үшін докторантураға бөлінетін білім беру гранттарының саны артып, ғылыми зерттеулер жүргізу мүмкіндіктері кеңейе түсуде.

Ғылыми жетістіктерді нақты экономика секторына енгізу және оларды коммерцияландыру – маңызды бағыттардың бірі. Биыл 2 297 ғылыми жоба мен 299 ғылыми-техникалық бағдарлама жүзеге асырылуда. Жас ғалымдар ғылыми қызметке белсенді түрде тартылып, олардың қатысуымен 1 055 жоба іске асырылып жатыр.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыруға келетін болсақ, бүгінде 208 жоба қолданысқа сәтті енгізілді, 180-нен астам өндіріс сатылым кезеңіне шықты. Коммерцияландыру жобаларының еліміздің экономикасындағы жалпы үлесі 118,7 миллиард теңгені құрады. 2 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. 25 жоба экспортқа шықты, 6 жобаның сатылым көлемі 1 миллиард теңгеден астам сомаға жетті.

Спорттық инфрақұрылым қарқынды дамып келеді. Алты жыл ішінде өңірлерде 314 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 58 бассейн салынды. Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің саны 40-қа, яғни 481-ден 521-ге дейін ұлғайтылды. Нәтижесінде дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтардың үлесі 31,5%-дан 41,4%-ға немесе 5,9 миллион адамнан 8,4 миллион адамға дейін өсті.

Мемлекет басшысының заңсыз иемденілген активтерді қайтарудан түскен қаражатты әлеуметтік міндеттерді шешуге бағыттау жөніндегі тапсырмасы әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғыртудың пәрменді құралына айналды.

Арнаулы мемлекеттік қордан білім беру, денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру салаларында 280-ге жуық жобаны жүзеге асыруға, сондай-ақ инженерлік желілер мен су шаруашылығы нысандарын жаңғыртуға 194 миллиард теңгеден астам қаражат аударылды.

Мемлекет басшысы жаппай цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу міндетіне басымдық беріп отыр. Бұл экономикалық өсудің жаңа қозғаушы күшіне айналуға тиіс.

Қазақстан IT-қызметтер экспортын ұлғайта отырып және осы бағытта елеулі жетістіктерге қол жеткізіп, Орталық Азия елдері арасында сенімді түрде көш бастап келеді.

Бұл сала бойынша еліміздің бәсекелестік артықшылықтары жетерлік. Цифрлық шешімдер түрлі салаларға дендеп еніп, олардың тиімділігі мен жедел дамуын қамтамасыз етті. Балабақшаларда «Отбасының цифрлық картасы», «Әлеуметтік әмиян» және цифрлық ваучерлер белсенді қолданылады, QazaqLaw (заңнамалық база бойынша көмекші), LLM ұлттық тілдік моделі жасалды, «Бизнестің цифрлық картасы» және басқа да жобалар әзірленуде.

Соңғы бес жылда инновациялық өнім көлемі екі еседен астам, 1,1 триллион теңгеден 2,4 триллион теңгеге дейін өсті.

ЖИ дамуына жәрдемдесу үшін Президент тапсырмасы бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығының базасында қаржыландырудың мақсатты көлемі 1 миллиард долларды құрайтын Qazaqstan Venture Group қорларының венчурлық қоры құрылды.

Қор Қазақстан мен Орталық Азияның инновациялық жобаларына басымдық бере отырып инвестиция салады.

Биыл еліміздің жедел цифрлық трансформациясына ықпал ететін Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады.

Ұлттық құрылтай отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев цифрландыру мен жасанды интеллект, көлік, энергетика, агроөнеркәсіп секторы және адам капиталының даму әлеуеті жоғары екенін ерекше атап өтті. Үкімет жүктелген міндеттерді орындауға бар күш-жігерін салады.

Көріп отырғанымыздай, соңғы 6 жыл ішінде атқарылған жұмыс аз емес, бірақ алда бұдан да ауқымды міндеттер тұр.

Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тегеурінді басшылығымен Қазақстан үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, өзінің орасан зор әлеуетін толық іске асыратынына сенімдімін.

 

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов

Қазақстан Республикасы Премьер-министріңің ресми ақпараттық ресурс

 

18 марта 2025
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді

Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді

 

2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды басым кезек бойынша қабылдауға мүмкіндік береді, бұл күту уақытын едәуір қысқартады.

 

Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.

 

Қызмет түрі таңдалғаннан кейін жеке менеджер қажетті құжаттарды толтырып, келісім-шартты әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органға жалпы тәртіппен жолдайды.

 

         «Азаматтарға арналған үкімет» – азаматтармен өзара әрекеттесу сапасын, жылдамдығын және тиімділігін үздіксіз арттыруға басымдық беретін және қызмет алушыларға бағдарланған ұйым.  Азаматтардың жедел қызметке сұранысын ескере отырып, біз 2024 жылы «Жеке менеджер» қызметін алғаш рет Қазақстанның төрт қаласында пилоттық режимде іске қостық, ал 2025 жылдан бастап аталған сервис елдегі барлық МХҚКО-ларда енгізілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.

 

         Айта кетейік, «МХҚКО жеке менеджері» сервисі алғаш рет пилоттық жоба ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында енгізілді. Жарты жыл ішінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ел ішінде қолдану аясы кеңейтілді.

        

Еске салайық, МХҚКО-ларда құжаттарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін қабылдайды. Сенбі күні кезекші МХҚКО-лар 9:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.

28 февраля 2025
Делдалдық қызмет туралы жалған хабарламаға сенбеңіз

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде және онлайн-хабарландыру платформаларында азаматтардың кез келген санаты үшін зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегінен (ТЖШ) асатын бөлігін алу бойынша төмен пайызбен делдалдық қызметтер көрсету туралы ұсыныстар таратылуда. Сондай-ақ, "делдалдар" БЖЗҚ мен уәкілетті операторлардың логотиптерін пайдалана отырып, зейнетақы жинақтарын алу бойынша жақын арада өзгерістер күтілетіні туралы хабарлайды. БЖЗҚ мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын тағы да қатаң түрде ескертеді.    

 Сондай-ақ, зейнетақы жинақтарын ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделген жағдайларда ғана алуға болатынын ескертеміз. Ең алдымен, ол - зейнет жасы, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топ мүгедектігінің белгіленуі, ҚР аумағынан тыс ТТЖ кету, мұрагерлік. Зейнетақы жинағының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және/немесе емделу ақысын төлеу мақсатына заңмен бекітілген талаптарды орындаған жағдайда, мына санаттағы азаматтар құқылы:     

  • ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын жинағы бар салымшылар (ең төменгі жеткіліктілік шегінен асатын сома мөлшерінде);
  • зейнетақысы жоғалтқан табысының (бұрын алынған жалақысының) кемінде 40% құрайтын зейнеткерлер – олар шотта қалған жинағының 50% дейін пайдалана алады;
  • еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер (жинағының 100% дейін);
  • зейнетақы аннуитеті шартын жасасқан салымшылар (жинағының 100% дейін).

 Зейнетақы жинақтарын тұрғын үйге немесе емделуге мақсатты пайдалану тек уәкілетті операторлар – екінші деңгейдегі банктер арқылы ғана мүмкін. Тиісінше, делдалдық қызметтер қажет емес. Бұл ретте БЖЗҚ ешқандай ақы алмайды.

Күмәнді әрекетке қатысуға келісе отырып, сіз ақшаңызды жоғалту қауіпін тудырып қана қоймай, болашақта басқа алаяқтық әрекеттер үшін пайдаланылуы мүмкін жеке деректеріңіздің сақталуына да қауіп төндіресіз.

БЖЗҚ өз салымшылары мен алушыларына мұндай ұсыныстарды елемеуге, тек ресми көздерден ақпарат алуға және құқықтық тұрғыдан қорғалған салада ғана әрекет етуге қатаң кеңес береді.

Барлық сауалдарыңызға жауап алып, өз зейнетақы жинағыңызды мақсатты пайдалану мен аударуға қатысты ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:

enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,

байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көпарналы тегін байланыс немесе +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы,

БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, Х және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы да  тексере аласыз.

26 февраля 2025
Ерікті зейнетақы жарналары – зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді тәсілі

Елімізде жинақтаушы зейнетақы жүйесі шеңберінде жарналардың келесі түрлері жүзеге асырылады: міндетті (жұмыс берушінің жұмыскердің жалақысынан ай сайын аударатын 10%), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (жұмыс берушінің өз бюджеті есебінен төлейтін зиянды және қауіпті кәсіптерде еңбек ететін жұмыскерлер кірістерінің 5%), сондай-ақ, 2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ). Жарнаның бұл түрі 1975 жылы және одан кейін туған барлық жұмысшылар үшін (2024 жылы 1,5%-дан басталып, 2028 жылы 5%-ға дейін біртіндеп көтеріледі, ал 2025 жылы - 2,5%) төленеді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар аудара алатын ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ). Жеке тұлғалар өздері және (немесе) жақындары үшін өз табысы есебінен, ал заңды тұлғалар –  қызметкерлерінің және (немесе) үшінші тұлғалардың пайдасына қаражат аудара алады. Бұл жарналардың осы түріне тән артықшылықтардың бірі ғана.

           Ерікті зейнетақы жарналарын екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ, жұмыс берушіге өтініш беру жолымен аударуға болады. Жұмыс беруші ерікті зейнетақы жарнасын БЖЗҚ-ға сол өтініштің негізінде мәлімделген тұлғаның пайдасына аударады. ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін алу тәртібін БЖЗҚ-ның зейнетақы ережелеріне сәйкес алушы дербес айқындайды. 

            Шарт жасасу және ЕЗЖ бойынша жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу үшін БЖЗҚ кеңсесіне барудың қажеті жоқ, зейнетақы жарналарының басқа түрлері сияқты ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ автоматты түрде ашылады. ЕЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шотын өтінішсіз ашу тәртібі мынадай негізде жүзеге асырылады:

      - БЖЗҚ-ға агенттер ЕЗЖ аудару кезінде ұсынатын жеке тұлғалардың тізімдері;

      - БЖЗҚ ға жеке тұлғадан өз пайдасына немесе ЕЗЖ аудару кезінде үшінші тұлғаның пайдасына түскен бастапқы жарнаның үлесі.

Пайдасына зейнетақы жарналары аударылатын жеке тұлғаны сәйкестендіру ЕЗЖ аударған кездегі төлем тапсырмасының электрондық форматында көрсетілген дербес деректердің (ТАӘ, ЖСН, туған күні) көмегімен жүзеге асырылады. БЖЗҚ азаматтың жеке басын куәландыратын қолданыстағы құжатының деректемелері, тұрғылықты тұратын жері және өзге де барлық қажетті мәліметтерді мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.

Қазақстанда ерікті зейнетақы жарналары салықтық артықшылықтарға ие. Мысалы, жұмыс берушінің өз қызметкерінің пайдасына аударған ЕЗЖ жеке тұлғаның табысы ретінде қарастырылмайды. Жұмыс беруші үшін мұндай шығыстар корпоративтік табыс салығын есептеу кезінде шегеруге жатады. Яғни, бұл жағдайда жұмыс беруші салық салу кезінде жеңілдіктер алады.

Ерікті зейнетақы жарналары да, міндетті зейнетақы жарналарының барлық түрлері сияқты инвестицияланып, салымшыларға табыс әкеледі. Зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқарады. Десек те, салымшылар зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аударуға құқылы. Олар кірістілік пен тәуекелдің түрлі деңгейлеріне ие сан алуан инвестициялық стратегияларды ұсынады. Егер ИПБ-ға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жинақтарының 50% дейінгі мөлшерін аударуға рұқсат етілсе, ерікті зейнетақы жинақтарын толық көлемде сеніп тапсыруға болады. Зейнетақы жинағының бір бөлігін ИПБ-ға аудару салымшының өтініші бойынша жүргізіледі. Оны Қор сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ-ның кез келген филиалында электрондық форматта беруге болады. Инвестициялау нәтижелері бойынша басқарушы компанияны өзгертуге болады, бірақ мұндай мүмкіндік жылына бір рет қана беріледі. Осылайша, зейнетақы активтерін басқаруға қатысу - ЕЗЖ-нің тағы бір артықшылығы.

ЕЗЖ есебінен зейнетақы төлемдерін зейнет жасына толғанға дейін – 50 жастан бастап алуға болады. Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдарға, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға да ЕЗЖ есебінен төлем алу құқығы беріледі.

БЖЗҚ-ға ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен төлемдер алу туралы өтінішті enpf.kz сайтындағы немесе БЖЗҚ ұялы қосымшасындағы жеке кабинетте онлайн-форматта, сондай-ақ, Қордың кез келген бөлімшесінде беруге болады.

Жарналардың барлық түрлері есебінен зейнетақы жинақтарының сомасын enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте 24/7 режимінде қадағалап отыру да өте оңай.

Атап кету керек, зейнетақы жинақтары, оның ішінде ерікті зейнетақы жарналары есебінен жинақтары бар адам қайтыс болған жағдайда, олар Қазақстан заңнамасында белгіленген тәртіппен мұраға қалдырылады. Нақтырақ айтқанда, зейнетақы жинақтарын мұраға беру өсиет немесе заң бойынша жүзеге асырылады. Өсиет болмаған жағдайда немесе бүкіл мұраның тағдырын анықтай алмаған кезде, сондай-ақ, басқа жағдайларда заң бойынша мұрагерлік күшіне енеді.

БЖЗҚ сайтында Қорға беру тәсіліне қарай төлемдерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі, оларды ресімдеуге қойылатын талаптар, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілері, сенімхат үлгісі орналастырылған. Қордың "Төлемге құжаттарды алдын ала тексеру" электрондық қызметін пайдалана отырып, БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдеріне жіберілетін құжаттарды алдын ала тексеруге болады.

БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады. 

Салымшының ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) аудару туралы дер кезінде қабылдаған шешімі зейнетақы капиталын едәуір толықтыруға және болашақта жоғары мөлшердегі төлемдер алуға көмектесетінін еске саламыз.

           Мәлімет үшін: 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ерікті зейнетақы жарналары бойынша жинақтар шамамен 7,94 млрд теңгеге жетті. Бір жыл ішінде өсім 50,3% көрсетті. Бұл жарналардың барлық түрлері бойынша жинақтардың көбею қарқыны жағынан ең жоғарғы көрсеткіш. ЕЗЖ есепке алынатын ЖЗШ саны бір жылда 10,7% өсіп, 439 582 бірлік болды.

          БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, БЖЗҚ- ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан алуға болады.   

10 февраля 2025
БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар

 

«БЖЗҚ туралы өзекті сауалдар»

 

"Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасына кім қатысады? БЖЗҚ ақпаратты қандай көздерден алады?

 

Бағдарламаға 18 жасқа дейінгі барлық балалар, яғни 2006 жылы және одан кейін туған Қазақстан азаматтары қатысады. Бұл ретте 2006 жылы туған балалар 2024 жылы 18 жасқа толып, оларға Ұлттық қордан қаражат есептелуін тоқтатты.

БЖЗҚ балалар туралы барлық мәліметтерді "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорынан алады. Ұлттық қордың валюталық бөлігінің алдыңғы 18 жылдағы орташа инвестициялық кірісі туралы ақпаратты БЖЗҚ-ға ҚР Ұлттық Банкі береді.

БЖЗҚ бір балаға тиесілі нысаналы талаптардың есебін ҚР ҰБ есептеген нысаналы талаптардың жалпы сомасы мен есепті жылдың соңындағы Бағдарламаға қатысушылардың саны негізінде жасады. Бұл ретте: 

- Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылған, есепті жылы Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан;  

- бұрын есепке алынбаған, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы бар;

- бұрын ескерілген, бірақ нысаналы талаптарға қатысуға құқығы жоқ

балалардың нысаналы талаптарының сомасына жасалған түзетулер де ескерілді.

2) Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың айырмашылығы неде?

Нысаналы талаптар - Қазақстан Республикасы Үкіметінің еліміздің он сегіз жасқа толмаған азаматтары алдындағы Ұлттық қордың инвестициялық кірісінің 50 пайызы есебінен жыл сайынғы міндеттемелері.

Нысаналы жинақтар  – алушының – он сегіз жасқа толған және нысаналы жинақтарды алуға құқығы бар Қазақстан Республикасы азаматының нысаналы жинақ шотында жинақталған ақшасы.

Нысаналы талаптар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақ шотына есепке алынатын, ақшалай эквивалент түріндегі (АҚШ долларымен) нысаналы жинақ мәртебесіне кәмелеттік жасқа толған кезде ие болады. Нысаналы жинақты алушы 18 жасқа толған кезінде бұл қаражатты тұрғын үй жағдайын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында пайдалануға құқылы.

3) 2025 жылы 18 жасқа толатын балалар "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасына енгізілді ме және олар қанша соманы алады?

Иә, 2025 жылы 18 жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары болып есептелетін балаларға 2024 жылға, яғни бала әлі 18 жасқа толмаған есепті жылға нысаналы талаптар есептелді. Нысаналы талаптар бірден нысаналы жинақтар мәртебесіне ие болды және алушының БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелді.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылы барлық балаларға 100,52 АҚШ доллары есептелген. 2025 жылы 129,38 доллар және өткен жылғы мақсатты талаптарға 3,04 доллар инвестициялық кіріс. Осылайша, 2007 жылы туылған азаматтардың мақсатты жинақтау шоттарында 232 доллар және 94 цент бар. Бұл есептеулерді кәмелетке толғандар enpf.kz электрондық цифрлық қолтаңбаның көмегімен сайттағы жеке кабинетте көре алады.

Алайда, жас отандастарымыз оны нысаналы мақсаттарына тек 18 жасқа толғаннан кейін ғана қолдана алады. Мысалы, бала 18 жасқа 2025 жылдың қазан айында толады делік. Оған тиесілі АҚШ долларындағы нысаналы жинақтары баланың БЖЗҚ-дағы шотына 2025 жылдың басында есептеліп қойды. Бірақ ол аталмыш қаражатты тек  2025 жылдың қазан айында, яғни кәмелетке толғаннан кейін ғана пайдалана алады.

  1. Баланың «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына қатысатындығын

қалай білуге болады? 

 

БЖЗҚ-ның kids.enpf.kz сайтындағы "Нысаналы талаптарға қатысушыны іздеу" бөліміне баланың ЖСН енгізіп, "Тексеру" батырмасын басу керек. Бала нысаналы талаптарға қатысушы болған есепті жыл және оның нысаналы талаптарының жалпы сомасы көрсетілген ақпарат беріледі. Сонымен қатар, сайтта балалардың туған жылдары бойынша бөліністе Нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтардың қалыптасу тарихы ұсынылған, онда есептелген сомалар, инвестициялық кіріс, сондай-ақ, нысаналы жинақтардың (НЖ) БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотына есептелген жылы көрсетіледі. Баланың бағдарламаға қатысатынын eGov mobile электрондық үкіметі мен екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексеруге болады.

  1. Егер балаға 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, 2025 жылғы

есептеулер  өткен жылды ескере отырып жүргізілді ме?

Егер бала қандай да бір себептермен нысаналы талаптарға қатысушылардың тізіміне енгізілмесе, сәйкесінше олардың жалпы санын есептеу кезінде ескерілмесе, бірақ мұндай қатысушы болуға құқығы бар болса, онда өткізіп алған кезеңі (кезеңдері) үшін нысаналы талаптар жүгінген немесе ЖТ МДҚ-да ақпарат жаңартылған жылдан кейінгі жылы есептеледі.

Осылайша, егер бала 2023 жылға арналған электрондық тізімде болмаған және оған 2024 жылы нысаналы талаптар есептелмеген болса, бірақ бұл ретте оның қатысушы болуға толықтай құқығы болған және  ол туралы ақпарат ЖТ МДҚ-дан БЖЗҚ-ға түскен болса, оған 2025 жылы нысаналы талаптар өткізіп алған кезең мен инвестициялық кірісті ескере отырып, толық көлемде есептелді.

  1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында нысаналы жинақ қанша уақыт

сақталады?

Нысаналы жинақтар БЖЗҚ-дағы нысаналы жинақтау шотында бағдарламаға қатысушы 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл бойына АҚШ долларымен сақталады. Осы мерзім өткеннен кейін қатысушы пайдаланбаған нысаналы жинақтау сомалары нысаналы жинақтау шотынан оның ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін ашылған жеке зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады. Қаражат ЕЗЖ есепке алынатын шотқа аударым күніндегі ресми бағам бойынша теңгемен есептеледі.

Ерікті зейнетақы жинақтарын пайдалану шарттары мен тәртібі ҚР зейнетақы заңнамасында көзделген.

7) Нысаналы жинақтарға тыйым салу, алып қою немесе оларды жұмсау бойынша шектеу қойылуы мүмкін бе?

Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне қандай да бір шектеулер белгілеуге тыйым салатын нормалар енгізілді.

Ұлттық қордан берілетін нысаналы жинақтар төлеміне:

- банк шоттарындағы ақшаға тыйым салу немесе өндіріп алуды қолдануға;

- банк шоттарындағы ақша қаражаты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

- жинақты алушының келісімінсіз  алып қоюға;

- банктегі ақшаға билік етуді уақытша шектеуге;

- жеке табыс салығын салуға тыйым салынады.

8) Ата-аналарға нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды тексеру мүмкіндігі беріледі ме?

Кәмелетке толмаған баланың ата-анасы немесе басқа да заңды өкілдері нысаналы талаптардың есептелуі туралы ақпаратты eGov mobile электрондық үкіметінің ұялы қосымшасынан, kids.enpf.kz сайтынан, сондай-ақ, екінші деңгейдегі банктердің қосымшаларынан да тексере алады.

Бала он сегіз жасқа толғанда оған «БЖЗҚ» АҚ-да нысаналы жинақтарды алушының (кәмелетке толған баланың) өзі ғана қол жеткізе алатын нысаналы жинақтау шоты ашылады.

9) Ұлттық қордан төлем алу үшін банктік шотты қандай банктерде ашуға болады? «Ұлттық қор – балаларға» жобасына қатысу үшін банктерге қойылатын қандай да бір алғышарт немесе талаптар бар ма?

ҚР «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңында (бұдан әрі - Заң) уәкілетті операторларға кімнің жататыны туралы ұғым мен «БЖЗҚ» АҚ-ға уәкілетті операторлармен өзара іс-қимыл жасау бойынша міндеттер ғана бекітілген.

Осылайша, Заңда екінші деңгейдегі банктерге ешқандай шектеу қойылмаған, БЖЗҚ-мен тиісті келісім жасасқан Қазақстанның кез келген екінші деңгейдегі банкі қатыса алады. Бұл екінші деңгейдегі банктер де, «Қазпошта» ұлттық операторы да болуы мүмкін. Бүгінгі күні уәкілетті операторлар болып "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу бойынша) және "Халық банкі" АҚ (білім алу бойынша) бекітілген.

10) Бала ақшаны бірден 18 жасында емес, кейінірек 20 немесе 25 жасында пайдалана алады ма?

Бала 18 жасқа толғанда оның атына БЖЗҚ-да нысаналы жинақтау шоты автоматты түрде ашылады және оған Ұлттық қордан тиесілі қаражат есептеледі. Ақша АҚШ долларымен аударылады және нысаналы жинақтау шотында 10 жыл сақталады.

Егер осы мерзім ішінде бала бұл қаражатты пайдаланбаса, онда қаржы оның атына автоматты түрде ашылатын БЖЗҚ-дағы жеке ерікті зейнетақы шотына (ЕЗШ) автоматты түрде аударылады. Ал ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын осы зейнетақы шотынан жинақтарды алу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы