«Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау аулыдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау аулыдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

Қарағанды облысы Абай ауданы «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тізілімге сәйкес 15 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеміз, 2 қызмет ішінара автоматтандырылған, 3 қызмет толық автоматтандырылған.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Есепті кезеңде барлығы 11 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншікте орналасқан жер учаскелеріне құқықтар беру – 8;

– жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту – 3.

«Абай ауданы Қарағанды облысы Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де халыққа қызмет көрсетуге арналған өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді. Өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы көрсетілген электрондық мемлекеттік қызметтерді есепке алу журналы жүргізіледі.

2025 жылы өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 150 қызмет алушы мемлекеттік қызметтер алды, бұл ретте барлығы 218 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

– жылжымайтын мүлікке құқықтардың бар (жоқ) екендігі туралы анықтамалар беру;

– жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;

– тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару;

– тұрғылықты жері бойынша тіркеуге қоюға өтініштер беру;

– «Е-лицензиялау» порталы арқылы өтініштер беру және өзге де қызметтер;

– электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алу;

– мүгедектігі бар адамдарды техникалық жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

– медициналық ұйымға тіркелу.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтер жеке куәлік арқылы картридерді пайдалану жолымен көрсетіледі.

«Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де ай сайын құқықтық жалпы оқыту жүргізіледі. Құқықтық жалпы оқыту аясында 2025 жылғы қазан айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» тақырыптары зерделенді.

Әкім аппаратының ақпараттық стендтерінде мобильдік қосымшалар мен интернет-порталдар арқылы мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу тәртібі туралы хабарландырулар мен шағын плакаттар орналастырылған.

Сонымен қатар ай сайын әлеуметтік желілерде әкім аппараты мамандарының электрондық мемлекеттік қызметтерді алу тәсілдерін түсіндіру бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары (ақпараттық парақшалар тарату, дөңгелек үстелдер өткізу) туралы ақпарат жарияланады.

Сондай-ақ дауыс зорайтқыш арқылы халықты ЭЦҚ алу қажеттілігі туралы хабардар ету жүргізіледі, өзін-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер алу жөніндегі бейнероликтер көрсетіледі.

«Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 2025 жылғы есебі
Дата публикации
29 января 2026