«Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау аулыдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
Қарағанды облысы Абай ауданы «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де тізілімге сәйкес 15 мемлекеттік қызмет, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеміз, 2 қызмет ішінара автоматтандырылған, 3 қызмет толық автоматтандырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.
«Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де «Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторында берілген электрондық қызметтерді есепке алу журналы жүргізіледі, 2024 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 192 қызмет алушы мемлекеттік қызмет алды, 294 мемлекеттік қызмет (жылжымайтын мүлікке құқықтардың жоқтығы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар ауыртпалықтар және оның техникалық сипаттамалары туралы, тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару, мемлекеттік қызметке өтініш беру). тұрғылықты жері бойынша тіркеу, Е-лицензиялау порталы арқылы өтініш беру және басқалары, ЭЦҚ алу, мүгедектерді техникалық жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге арналған құжаттарды ресімдеу, емханаға бекіту) көрсетілді. Сондай-ақ жеке куәлік арқылы картридер арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.
Ай сайын «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі. 2024 жылдың қыркүйегінде Құқықтық жалпыға бірдей оқыту барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» оқыту жүргізілді.
Әкім аппаратындағы стендте қосымшалар мен порталдар арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша хабарландырулар мен шағын плакаттар орналастырылған. Сондай-ақ, ай сайын әлеуметтік желілерде әкім аппаратының мамандары (парақшалар тарату, дөңгелек үстелдер өткізу), электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы, қолмен байланыс арқылы ЭЦҚ алу қажеттілігі туралы хабарландыру жариялайды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бейнероликтер көрсетіледі.
2024 жылға:
Әлеуметтік желілердегі роликтер саны -17
Халық арасында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша брошюралар тарату - 53
Дөңгелек үстелдер өткізу - 2