«Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау аулыдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

«Қарағанды облысы Абай ауданы Ақбастау аулыдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі

 

Қарағанды облысы Абай ауданы «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 15 мемлекеттік қызмет тізіліміне сәйкес көрсетілді, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетеміз, 2 қызмет ішінара автоматтандырылған, 3 қызмет толық автоматтандырылған.

Есепті деректерге сәйкес, әкім аппаратымен талданатын кезеңде барлығы 10 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызметі - 2 қызмет, «Сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» мемлекеттік қызметі - 8 қызмет.

Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.

Ай сайын «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де құқықтық жалпыға бірдей оқыту жүргізіледі.

Әкім аппаратындағы стендте қосымшалар мен порталдар арқылы электрондық форматта мемлекеттік қызметтерді алу бойынша хабарландырулар мен шағын плакаттар орналастырылған. Сондай-ақ, ай сайын әлеуметтік желілерде әкім аппаратының мамандары (парақшалар тарату, дөңгелек үстелдер өткізу), электрондық қызметтерді алу тәсілдері туралы, қолмен байланыс арқылы ЭЦҚ алу қажеттілігі туралы хабарландыру жариялайды, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бейнероликтер көрсетіледі.

 

Дата публикации
05 августа 2024