Қарағанды облысы Абай ауданының «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 15 мемлекеттік қызмет қарастырылған, оның ішінде 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның 2-еуі ішінара автоматтандырылған, 3-еуі толық автоматтандырылған.
Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты шағымдар түскен жоқ.
Ай сайын «Ақбастау ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де қызметкерлер арасында құқықтық оқыту (құқықтық всеобуч) өткізіледі.
Мекемеде «Халыққа өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді. Өз-өзіне қызмет көрсету секторында көрсетілген электрондық қызметтердің есебі журналы жүргізіледі. 2020 жылғы 01 қаңтардан 31 желтоқсанға дейінгі аралықта өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы арқылы 273 қызмет алушы мемлекеттік қызмет алған, барлығы 348 мемлекеттік қызмет көрсетілген, оның ішінде:
- мүгедектерді техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;
- санаторий-курорттық емделуге құжаттарды рәсімдеу.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтер жеке куәлік арқылы картридер көмегімен де көрсетіледі.
Әкім аппаратының ақпараттық стендінде мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта порталдар мен мобильді қосымшалар арқылы алу бойынша хабарландырулар мен ақпараттық материалдар орналастырылған. Сонымен қатар, ай сайын әлеуметтік желілерде әкім аппараты мамандары жүргізіп жатқан жұмыстар (буклеттер тарату, дөңгелек үстелдер өткізу) туралы ақпарат жарияланады. Халықты ЭЦҚ алу қажеттілігі туралы дауыс зорайтқыш арқылы хабарландырулар жүргізіледі, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышын пайдалану бойынша бейнероликтер көрсетіледі.