GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Байланыс ақпарат
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Все материалы
21 октября 2026
Петропавл ЖЭО-2 төрт қазандық пен бір турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізді

Энергетика министрлігі жылыту маусымының өтуіне, жөндеу жұмыстарының уақтылы жүргізілуіне және энергетикалық инфрақұрылымды жүйелі жаңғыртуға ерекше назар аударып келеді. Биыл еліміздің электр станцияларында 9 энергия блогын, 55 қазандық пен 51 турбинаны күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған.

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ-ның Петропавл ЖЭО-2 станциясында қысқы жүктеме кезеңінде қаланы жылумен және электр энергиясымен сенімді қамтамасыз етуге бағытталған жазғы жөндеу науқанының негізгі кезеңі аяқталды. Станцияда төрт қазандық пен бір турбоагрегатқа күрделі жөндеу жүргізілді. Жақын уақытта тағы бір қазандық агрегатын күрделі жөндеу аяқталады деп жоспарлануда.

Осылайша, жылыту маусымының басында 10 қазандық агрегаты мен 7 турбоагрегат жұмыс істеп тұр. Бұл еліміздің солтүстік өңірлеріне тән төмен температура жағдайында жылу және электр энергиясын тұрақты өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар станцияда тұтынушыларға энергия беруге әсер етпейтін жоспарлы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

ЖЭО-2 жабдықтарын жаңғырту алдағы жылдары да жалғасады. 2028 жылы № 4 қазандық агрегатын реконструкциялау басталады деп жоспарланған. Осы кезеңде № 2 қазандық агрегатының өнімділігі сағатына 220 тоннадан 240 тоннаға дейін ұлғайтылып, пайдалануға беріледі. Ал 2029 жылдан бастап № 3 турбоагрегатты реконструкциялау көзделіп отыр.

Станцияны жаңартудың маңызды бағыттарының бірі – түтін мұржаларын жаңғырту. 2024 жылы № 1 жаңа түтін мұржасының құрылысы аяқталып, ол пайдалануға берілді және қажетті технологиялық жүктемені қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта № 3 түтін мұржасын реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Оны 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымында аралық кезеңде пайдалануға беру жоспарланған.

14 октября 2026
Энергомин 11,7 мың км электр желісін жаңғырту бойынша 253 жобаны қолдады

Астанада  «POWER TRENDS: МЭКС ұлттық жобасы және электр энергетикасы саласын дамыту жоспары. Қазақстандық бизнес үшін мүмкіндіктер» конференциясы өтті. Іс-шараны «Energy Monitor» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Форум аясында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы: өтінімдерден нақты нысандарға дейін» тақырыбында пленарлық отырыс өтті. Оған Энергетика вице-министрі Ержан Ертаев қатысты. Отырыс модераторы «Energy Monitor» қоғамдық қорының атқарушы директоры Нұрлан Жұмағұлов болды.

Отырысқа сондай-ақ Ұлттық экономика министрлігінің, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ және «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын  іске асыру нәтижелері, сатып алу рәсімдерінен құрылыс-монтаж жұмыстарына көшу, 2027 жылға арналған жобалар портфелін қалыптастыру және жылу мен электр желілерін жаңғырту барысы талқыланды.

Ержан Ертаевтың айтуынша, ұлттық жоба аясында 1 600 шақырым жылу желісі мен 77 мың шақырым электр желісін жаңғырту көзделген. Бұл шараларды іске асыру 2029 жылға қарай жылу желілерінің орташа тозу деңгейін 52%-дан 42%-ға дейін, ал электр желілерінің тозу деңгейін 74%-дан 45%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Электр энергетикасы саласында Энергетика министрлігі электр желілерін жаңғырту және реконструкциялау бойынша 253 жобаны қолдады. Жаңғырту көзделген желілердің жалпы ұзындығы 11 683 шақырымды құрайды.

Жобалардың 139-ы іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде, 40 жоба бойынша сатып алу рәсімдері жүргізілуде, ал 74 жоба Министрлікпен келісілген. Жалпы құны 4,3 млрд теңгені құрайтын төрт жоба аяқталып, оның аясында 230 шақырым электр желісі реконструкцияланды.

Былтыр Түркістан облысы мен Шымкент қаласында жалпы ұзындығы 104,2 шақырым электр желілерін реконструкциялау бойынша екі жоба іске асырылды. Биыл  Астана мен Батыс Қазақстан облысында 131 шақырым электр желісі жаңғыртылды. Жобаларды іске асыру нәтижесінде электр желілерінің тозу деңгейі 66%-дан 62%-ға дейін төмендейді.

Жылумен жабдықтау бағыты бойынша жалпы ұзындығы 356 шақырым жылу желісін реконструкциялауды көздейтін 128 жобадан тұратын портфель қалыптастырылды.

Қазіргі уақытта 51 жоба іске асырудың әртүрлі кезеңдерінде, 12 жоба бойынша сатып алу рәсімдері жүргізілуде, ал 65 жоба Министрлікпен келісілген. Жалпы ұзындығы 31,9 шақырым жылу желісін қамтитын 16 жоба аяқталды.

Биыл Қарағанды, Теміртау, Петропавл, Талдықорған және Оралда магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жүргізілді. Жобаларды іске асыру нәтижесінде жылу желілерінің тозу деңгейі 50%-дан 48%-ға дейін төмендеді. Бұл тұтынушыларды жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға және апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ықпал етеді.

Жылу және электр желілерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда және Энергетика министрлігінің ерекше бақылауында.

14 октября 2026
Талдықорғанда ұлттық жоба аясында 4,5 шақырым жылу желісі жаңартылды

«Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Талдықорған қаласында жылу желілерін реконструкциялау және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Атап айтқанда, «Талдықорған қаласындағы магистральдық жылу желілерін реконструкциялау, I кезең, диаметрі 700 мм» жобасы бойынша Жансүгіров көшесіндегі №3 сорғы станциясынан Гагарин көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілді. Жоспарланған 3,5 шақырымның орнына 3,5 шақырым желі жаңартылып, жұмыс көлемі 100%-ға орындалды.

Сондай-ақ Біржан сал көшесінің бойындағы, Назарбаев көшесінен Жабаев көшесі бағытындағы диаметрі 400, 300 және 250 мм жылу желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Жоспарланған 1,02 шақырымның барлығы орындалып, жұмыс көлемі 100%-ды құрады.

Осылайша, Талдықорған қаласында екі жоба аясында жалпы ұзындығы 4,52 шақырым жылу желісінде жұмыстар жүргізілді.

Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жетісу облысы бойынша аумақтық департаменті 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына электр және жылумен жабдықтау нысандарының дайындығына мониторинг жүргізуде.

13 октября 2026
Қазақстанда 17 мың шақырым электр желілерін жаңғырту толық аяқталды

Күзгі-қысқы кезеңге дайындық аясында елімізде электр желілеріне күрделі жөндеу бойынша жоспарланған жұмыстардың көлемі орындалды.

Биыл 17,1 мың шақырым электр беру желісі, 444 қосалқы станция және 3,4 мыңнан астам тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Жұмыстар еліміздің барлық өңірінде жүргізіліп, электрмен жабдықтаудың тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.

Жөндеу жұмыстарының ауқымды көлемі Ақмола облысында іске асырылды. Өңірде 2,6 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 49 қосалқы станция және 555 тарату және трансформаторлық пункт жөнделді.

Павлодар облысында 2 444 шақырым электр беру желісіне, 52 қосалқы станцияға және 609 тарату және трансформаторлық пунктке күрделі жөндеу жүргізілді.

Жамбыл облысында 1,8 мың шақырымнан астам электр беру желісі, 63 қосалқы станция және 316 тарату және трансформаторлық пункт жөндеуден өтті.

Атқарылған шаралар электр желілері шаруашылығының жылыту маусымынан сенімді өтуге дайындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық бақылау және қадағалау комитеті жылыту маусымы кезеңінде электр энергетикасы нысандары жұмысына тұрақты бақылау жүргізуді жалғастыруда.

09 октября 2026
Степногорскта 22 км жылу магистральдарын жаңғырту аяқталды

Биыл Степногорск қаласында Степногорск ЖЭО-нан қалаға дейінгі учаскелерде магистральдық жылу желілерін ауыстыру және реконструкциялау бойынша жобалар іске асырылды. Атап айтқанда, диаметрі 800 мм жылу желілерінің 8,2 км, диаметрі 600 мм желілердің 0,7 км және диаметрі 500 мм желілердің шамамен 14 км учаскесі жаңартылды, осылайша ауыстырылған магистральдық жылу желілерінің жалпы ұзындығы 22 км-ден асты.

Аталған жұмыстар бюджеттік жобалар, сондай-ақ «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жылу тасымалдаушы ұйым – «Степногорск Теплотранзит» ЖШС тарапынан жүргізілді.

Диаметрі 800 мм жылу магистралін реконструкциялау жобасы екі жылға есептелген және келесі жылы да жалғасын табады.

Жөндеу жұмыстары тұтынушыларды жылыту маусымы кезеңінде сенімді және үздіксіз жылумен қамтамасыз етуге, желілердің тозуы мен жылу шығындарын азайтуға, сондай-ақ авариялық жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

ҚР Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының алдағы жылыту маусымына дайындық барысына инспекциялық бақылау жүргізуде.

Электр энергетикасы
08 октября 2026
Қызылорда облысындағы энергетикалық нысандардың жұмысы тексерілді

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Жалғас Шөгелбаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, өңірдегі энергетикалық инфрақұрылым нысандарының жұмысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында облыс орталығындағы электр қуаты 240 МВт және жылу қуаты 277 Гкал/сағ болатын жаңа электр станциясының жұмысымен танысты. Нысанда «Aksa Energy» ұжымымен кездесу өтті. Сондай-ақ станцияның негізгі және қосалқы жабдықтарын автоматтандырылған басқару жүйесінің жұмысы көрсетілді.

Кездесу барысында станцияның жылыту кезеңіндегі тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, негізгі жабдықтардың сенімділігі және персоналдың жылыту маусымын өткізуге дайындығы мәселелері талқыланды.

Бұдан әрі «Қызылорда электр тарату тораптары» АҚ-ның жұмысы қаралды. Негізгі назар электр желілерінің техникалық жай-күйіне, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне, желілік шаруашылықты жаңғыртуға және техникалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге аударылды.

Сапар барысында энергетикалық кәсіпорындардың қатысуымен кеңес өтті. Кездесу барысында энергетикалық нысандардың дайындығы, электр желілері мен жабдықтардың жай-күйі, сондай-ақ халықты жылу және электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Жалпы, өңірде жылыту маусымына дайындық аясында шамамен 55 км электр беру желісі мен 30 қосалқы станция жөнделді.

Кеңес қорытындысы бойынша энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына нысандардың жылыту кезеңінде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың техникалық жай-күйін тұрақты бақылауда ұстау және қажетті шараларды уақтылы қабылдау бойынша нақты міндеттер белгіленді.

Комитет жылыту маусымы кезеңінде өңірлердің энергетикалық инфрақұрылымының сенімділігі мен тұрақтылығын бақылау жұмыстарын жалғастырады.

08 октября 2026
Қазақстанда 2028–2029 жылдары 4 ГВт дәстүрлі генерация енгізіледі

Энергетика министрлігі электр энергетикасын дамытудың 2028–2029 жылдары жаңа генерациялайтын қуаттарды кезең-кезеңімен енгізуді көздейтін ұзақ мерзімді жоспарын қалыптастырды.

Жоспар энергетикалық жүйенің қолда бар қуатын арттыруға, электр энергиясына өсіп келе жатқан сұранысты қамтамасыз етуге, сондай-ақ дәстүрлі генерация мен жаңартылатын энергия көздерін одан әрі дамытуға бағытталған.

2028 жылы Қазақстанда 2 ГВт дәстүрлі генерацияны іске қосу жоспарлануда.

Атап айтқанда, Тараз, Атырау және Ақтөбе қалаларында бу-газ қондырғыларын салу, Екібастұз ГРЭС-2 №3 энергоблогын салу, «Қарағанды Энергоцентрда»  қазандық агрегаты мен турбоагрегатты салу, «Kazakhmys Energy» БТЭЦ-інде қазандық пен турбоагрегатты, «Kazakhmys Energy» ЖЭО-да  қазандық пен турбоагрегатты орнату, сондай-ақ Ақсу ГРЭС энергоблогын кеңейту және жаңғырту жобалары көзделген.

2029 жылы 2,3 ГВт дәстүрлі генерацияны енгізу жоспарлануда. Оның ішінде Өскемен ЖЭО-да турбоагрегат пен қазандық агрегатын салу, Атырау ЖЭО-да бес газ-турбиналық қондырғыны енгізу, «Батыс Пауэр» ЖШС-нің екі газ-турбиналық қондырғысын салу, Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭО салу, сондай-ақ Екібастұз ГРЭС-3 бірінші блогын іске қосу жобалары бар.

Сонымен қатар, жаңартылатын энергетика да дамып келеді. 2028 жылы 2,2 ГВт, ал 2029 жылы 2,8 ГВт ВИЭ нысандарын іске қосу жоспарлануда.

Дәстүрлі және «жасыл» энергетика салаларындағы ірі жобаларды іске асыру есебінен Қазақстанның генерациялайтын қуаттары айтарлықтай өсіп, 2029 жылы энергетикалық жүйенің тұрақты профицитке шығуы күтіледі.

Электр энергетикасы
Жылу энергетикасы
06 октября 2026
Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті басшысы тағайындалды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы болып Берден Ерболұлы Оспан тағайындалды.

Берден Оспан Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы энергетика және байланыс университетін «Электр энергетикасы» мамандығы және Д.А. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Энергетика саласында өңірлік және орталық деңгейлерде басшылық қызмет атқару тәжірибесі бар.

Еңбек жолын 2018 жылы Алматы қаласы әкімдігінің Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасында бас маман лауазымынан бастаған. 2018–2022 жылдар аралығында басқарманың бас маманы, сыртқы жарықтандыру және дебиторлық берешек бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.

2022 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде қызмет атқаруда. Осы кезеңде бас сарапшы, электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының басшысы қызметтерін атқарды.

Тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Электр энергетикасын дамыту департаменті электр энергетикасын дамыту және интеграция баскармасының басшысы қызметін атқарды.

06 октября 2026
Жасанды интеллектінің ОЭК-ке тигізетін экономикалық әсері жылына шамамен 23 млрд теңгені құрайды

Отын-энергетика кешенінде жасанды интеллект негізінде шешімдерді енгізудің экономикалық әсері шамамен 23 млрд теңгені құрайды. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов туындаған проблемаларға ден қоюдан оларды болжауға көшуге мүмкіндік беретін цифрлық технологияларды енгізу тәсілдерін ұсына отырып хабарлады. Digital Qazaqstan стратегиясы шеңберінде Министрлік үш негізгі бағыт бойынша 20 іс-шараны жүзеге асыруда. Олар – цифрлық телнұсқа, жасанды интеллект және киберфизикалық қауіпсіздік. Бұл жұмыстар 2029 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Нәтижесінде нысандардағы апаттылықты 25%-ға төмендету, ал энергия ресурстарының шығындарын 90%-ға дейін қысқарту көзделген. Бүгінде салада 45 жасанды интеллект жобаларынан тұратын портфель қалыптастырылды. Оның ішінде 34-і енгізу сатысында. Мұнай-газ саласында жасанды интеллект мұнай өнімдерінің айналымын жоспарлауға көмектеседі. Дәлдігі – 85%-ға дейін, экономикалық әсері – жылына 22,5 млрд теңгеге дейін. Энергетика саласында жасанды интеллект өндірістік қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Газ саласында жасанды интеллект тұтынуды болжауға қолданылады. Дәлдігі – 86 %-ға дейін, экономикалық әсері – жылына 300 млн теңге. Өндірістік оқиғаларды 78%-ға дейін төмендету, жылына 370 млн теңге әсер күтіледі.

«Үш шешімнің жиынтық экономикалық әсері – жылына шамамен 23 млрд теңгені құрайды»,

— деді Ерлан Ақкенженов. Жыл соңына дейін Энергетика министрлігі уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесіп жасанды интеллект негізінде шешімдердің басым тізілімін бекітуді жоспарлап отыр. Бұл кәсіпорындарға табысты жобаларды бүкіл салаға кеңейтуге мүмкіндік береді. Цифрлық телнұсқа өндіріс орындары туралы деректерді біріктіруге және қабылданған шешімдердің салдарын алдын-ала бағалауға мүмкіндік береді. «Ембімұнайгаз» кен орнындағы пилоттық жоба қабат, ұңғымалар және өндірістік инфрақұрылым туралы деректерді біріктіреді. Шешімді кеңінен енгізу нәтижесінде мұнай өндіруді қосымша 2,9 млн тоннаға дейін арттыру көзделуде. Энергетика секторында Астана әкімдігімен бірлесіп елорданың энергетикалық кешенінің цифрлық егіздері әзірленуде. Күтілетін нәтиже – отын шығынын 2,5%-дан астамға үнемдеу. Кибер-физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету технологиялық жүйелерді киберқауіптерден қорғауды және нысандарды физикалық қорғауды қамтиды. Биыл Қазақ Ұлттық Университетінің базасында алғашқы салалық ENERFORT 2026 кибероқу-жаттығуы өткізілді. Оған 120-дан астам маман қатысты. Мұндай оқу-жаттығуларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр. Тағы бір бағыт – жабдықтың жай-күйін онлайн-мониторингтеу. Мұндай мониторингке қосылған негізгі жабдықтың үлесін 2026 жылғы 20%-дан 2028 жылы 70%-ға дейін ұлғайту жоспарлануда. Бұл ақауларды алдын ала анықтауға және жөндеуді жоспарлауға мүмкіндік береді. Бір мезгілде энергетикалық ресурстардың өндірістен тұтынуға дейінгі қадағалануы кеңейтілетін болады – 2026 жылғы 20%-дан 2028 жылы 80%-ға дейін. Ол үшін ұңғымадан жанармай құю стансасына дейін мұнай мен мұнай өнімдерінің қозғалысын есепке алуды енгізу көзделеді. @KZgovernment

05 октября 2026
Абай облысында 160 МВт болатын ЖЭК жобалары дамып келеді

Абай облысында өңірдің табиғи әлеуетін – жел энергиясы мен күн сәулесін пайдалануға негізделген жаңартылатын энергия көздерін (ЖЭК) дамыту бағыты белсенді жүргізілуде.

Бүгінде өңірде жалпы белгіленген қуаты 159,7 МВт болатын 8 ЖЭК нысаны жұмыс істейді.

Оның ішінде:
•    7 жел электр станциясы – 129,7 МВт;
•    1 күн электр станциясы – 30 МВт.

Жел энергетикасы ерекше орын алады. Өңірдегі ең ірі нысан – Аягөз ауданында орналасқан қуаты 100 МВт «Абай-1» жел электр станциясы.
Сондай-ақ облыста «Винд Чарск», «ВЭС-Чарск», «Чарск Ветер», DES Consulting, Ventum Energy және EastWindEnergy жел энергетикасы нысандары жұмыс істейді.

Күн энергетикасы Жарма ауданында орналасқан қуаты 30 МВт «Жангиз Солар» электр станциясымен ұсынылған.

Сонымен қатар облыста жел және күн энергетикасы саласындағы жаңа жобаларды іске асыру және пысықтау жұмыстары жалғасуда. Бұл өңірде «жасыл» энергетиканы одан әрі дамытуға қосымша мүмкіндіктер қалыптастырады.

Абай облысы бойынша Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаменті өз құзыреті шеңберінде электр энергетикасы саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады.

Социальные сети
Instagram
Facebook
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы