Комитет төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасының Қарағанды облысына жұмыс сапары

Комитет төрағасы 4 қыркүйекте жұмыс сапарымен Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарымен бірлесіп өңірдің энергетикалық кәсіпорындарына барды.

Жылу желілері мен тұрғын үй қорының жылу беру маусымына дайындық барысы туралы Теміртау және Шахтинск қалаларының әкімдері баяндады. Жылу көздерінде жүргізіліп жатқан жөндеу науқандары бойынша «Qarmet» АҚ, «Қазақстандық Коммуналдық жүйелер» ЖШС, «Nova Novatis Ltd» ЖК НТЭС-1 және "НТЭС Топар" ЖШС бірінші басшыларының есептері тыңдалды, сондай-ақ жылыту маусымына электрмен жабдықтау желілерін дайындау бойынша «Қарағанды РЭК» ЖШС басшысы баяндады.                      

Кездесу қорытындысы бойынша Комитет төрағасы салалық заңнамаға енгізілген негізгі жаңалықтарға түсініктеме беріп, жөндеу жұмыстарының кестелерін мүлтіксіз сақтау, отынның нормативтік қорын жинақтау, сондай-ақ жылу маусымы басталғанға дейін желілерде жөндеу жұмыстарын аяқтау қажеттігін атап өтті.