
Негізгі және қосалқы жабдықтарды жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес №13 қазандық агрегатында және №11 турбоагрегатта күрделі жөндеу жүргізу, №8, 10, 14 және 15 қазандық агрегаттарында кеңейтілген ағымдағы жөндеу жүргізу, №3 секцияның салқындату мұнарасын жөндеуді аяқтау, №14 және 15 редукциялық-салқындату қондырғыларын күрделі жөндеу, ОРУ реконструкциялау жоспарланған. Турбоагрегаттар бойынша№ 4, 6, 7, 8, 10 және 12 ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.
Бүгінгі таңда Өскемен ЖЭО-да №7 турбоагрегатта ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №9 қазандық агрегаты бойынша күрделі жөндеу және №11, 12 қазандық агрегаттары мен №9 турбоагрегатына ағымдағы жөндеу және №2 секцияның салқындату мұнарасына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жөндеу жұмыстары «ВК Строй Сервис» ЖШС, «Ертіс Темір Строй» ЖШС және «BAUMAX» ЖШС мердігерлік ұйымдарын тарта отырып жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарына барлығы 148 адам жұмылдырылды.
Негізгі және қосалқы жабдықтардың барлық жөндеулері бекітілген мерзімдерге сәйкес жүргізіледі.