
Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері 2024 жылғы жөндеу науқанының орындалуын бақылау, сондай-ақ алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық шеңберінде «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ Петропавл ЖЭО-2-де болып қайтты.
Негізгі жабдықты жөндеудің бекітілген кестесіне сәйкес №1 және 9 қазандық агрегаттарында, №3 және 6 турбоагрегаттарда күрделі жөндеу жүргізу, №1 түтін құбырын салуды (қалпына келтіруді) аяқтау, сондай-ақ №2 қазандық агрегаты мен №1 турбоагрегатты реконструкциялауды жүргізу жоспарланған. Қалған негізгі және қосалқы жабдықтар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Бүгінгі күні Петропавл ЖЭО-да №2 және 4 турбоагрегаттарда ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталды. №9 қазандық агрегаты және №3 турбоагрегат бойынша күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Үлкен көлемге байланысты №9 қазандық агрегаты бойынша жөндеу жұмыстарының аяқталу мерзімі ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін ұзартылды.
Жөндеу жұмыстары «САЭМ-Петропавл» ЖШС мердігерлік ұйымының қатысуымен жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарына екі ауысымда жұмыс істейтін 96 адам жұмылдырылды.