Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиаттардың назарына

Атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиаттардың назарына

«Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар атом энергиясын пайдалану саласындағы тиісті қызмет түріне лицензиясы болуға міндетті.

Сонымен қатар, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-қосымшасында көрсетілген ескертпелерге сәйкес атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиялардың бөлігі 2014 жылдың қарашасынан 5 жылдық қызмет мерзімімен берілуде. Бұл дегеніміз, 2019 жылдың қарашасынан бастап берілген лицензиялардың қызметі тоқтатыла басталды.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде, атом энергиясын пайдалану саласындағы лицензиаттардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының электрондық лицензиялау www.elicense.kz веб-порталында қолданыстағы лицензияның қызметі тоқтағанға дейін үш ай бұрын жаңа лицензияны алуға өтінішті ұсынуға мүмкіндік берілген.