АЭХА-ның уран гексафториді бар цилиндрлерді қайта сертификаттау жөніндегі сараптамалық миссиясы

АЭХА-ның уран гексафториді бар цилиндрлерді қайта сертификаттау жөніндегі сараптамалық миссиясы

2023 жылғы 19-26 маусым аралығында Өскемен қаласында Үлбі металлургия зауытының аумағында орналасқан Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігінің Төмен байытылған уран банкінде уран гексафториді бар 30В цилиндрлерін қайта сертификаттаудың бірінші кезеңі өткізілді.

Сонымен бірге 2023 жылғы 26-27 маусым аралығында зауыт аумағында бірлескен Біріккен үйлестіру комитетінің XIII отырысы және АЭХА ТБУ банкін пайдалану жөніндегі IV жұмыс кеңесі өткізілді.

Аталған іс-шараға АЭХА Бас директорының орынбасары, Атом энергетикасы департаментінің басшысы Михаил Валентинович Чудаков, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры Ғұмар Екпінұлы Серғазин, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары Медет Қамсызұлы Тарбаев қатысты.

Әлемдік тәжірибеде АЭХА ұйымдастырған ресертификаттау алғаш рет толтырылған цилиндрлерде жүргізілді. Қайта сертификаттау жұмыстарын тікелей австриялық LRQA компаниясы мен болгарлық Bultest жүргізді. Цилиндрлерді айналдыру және қолдау үшін сертификаттау үшін қажетті қондырғыларды «МАШЗАВОД» ЖШС дайындады.