Тұтынушыларды электр желілеріне қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулерді түсіндіру бойынша, иесіз электр желілері мәселесі бойынша және тұтынушылардың өзекті мәселелерін қарау бойынша дөңгелек үстел

Тұтынушыларды электр желілеріне қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулерді түсіндіру бойынша, иесіз электр желілері мәселесі бойынша және тұтынушылардың өзекті мәселелерін қарау бойынша дөңгелек үстел

2020 жылдың 29 қаңтарында Алматы қаласы «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер Палатасы алаңында «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ-мен тұтынушыларды электр желілеріне қосу рәсімін жеңілдетуге бағытталған заңнамалық түзетулерді түсіндіру бойынша, иесіз электр желілері мәселесі бойынша және тұтынушылардың өзекті мәселелерін қарау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстелге қатысу үшін энергия беруші, энергиямен жабдықтаушы ұйымдар, жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» ҰКП және өңірдің кәсіпкерлері шақырылды.

Дөңгелек үстелді өткізудің мақсаты елдегі кәсіпкерлік қызметті жақсарту, соның ішінде электр желілеріне қосылу үшін мемлекет жүргізіп отырған реформалар бойынша бизнес арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылады, сондай-ақ осы дөңгелек үстелде кәсіпкерлерге өз қызметін жүзеге асыру кезінде, соның ішінде электр желілеріне қосылу кезінде кездесетін өзекті мәселелерді талқылау ұсынылды.

Дөңгелек үстелді өткізу барысында Аумақтық департамент басшысы      С. Ш. Құлбай қазіргі уақытта кәсіпкерлік қызметті түбегейлі жақсарту және халықаралық рейтингтерде Қазақстанның ұстанымын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатқанын, олардың бірі «Doing Business» Дүниежүзілік Банктің халықаралық рейтингі және Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі болып табылатынын айтты.

ҚР Энергетика министрлігімен электр энергиясын есептеу аспаптарын пломбалау және электрмен жабдықтау шартын жасау рәсімін біріктіруге, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары мен жол полициясы органдарын клиентке хабарлау қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік берген бірқатар заңнамалық түзетулер қолданысқа енгізілді, бұл талап осы электрмен жабдықтау желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыратын ұйымдарға жүктелді.

Бұл заңнамалық түзетулер электр желілеріне қосу кезіндегі рәсімдер санын жетіден төртке дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Сондай-ақ дөңгелек үстел барысында монополистер болып табылатын «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ мен «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС өкілдері электр желілеріне қосылу рәсімін жеңілдетуге бағытталған өздерінің пилоттық жобалары мен бағдарламалары айтылды, сондай-ақ электр желілеріне қосылу және жария шарт жасасу рәсімі жете түсіндірілді.