
2020 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының орындалуы тақырыбында кеңес өткізілді. Аталған кеңес Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ғимаратында өткізілді. Бұл кеңеске Қазақстан Республикасы Энергетика Министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық департаменті қызметкерлері де қатысты.
Аталған кеңесте келесі ұсыныстар берілді:
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың және Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының қатаң орындалуы;
- қызметтік міндеттерін орындау кезінде жеке және пайдакүнемдік мүдделерін басшылыққа алмау;
- мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен басымдықтарды алу мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбау;
- қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеу, өзінің іс-әрекеттерімен мемлекеттік биліктің беделін нығайту, мемлекеттік қызметтің атына кіркелтіретін іс-әрекеттерді жасауға жол бермеу;
- өзге мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілерін тоқтату;
- жұмыс уақытын тиімді және нәтижелі пайдалану, өзінің қызметтік міндеттерін адал, әділ және сапалы атқару, еңбек тәртібін қатаң сақтау;
- өзі үшін немесе үшінші адам үшін заңсыз материалдық пайда алу мақсатында арандату сипатындағы кедергілер немесе өзге де жағдайлар жасамау